Бұл ғасырда мұндай ұл туар ма екен?!
22.08.2016, 19:12

Бұл ғасырда мұндай ұл туар ма екен?!

Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ zhasalash.kz

Майкл Фелпс 2012 жылы Лондон Олимпиадасында 16-ыншы рет чемпион атанған соң “үлкен спортты доғарамын” деп мәлiмдеген едi, деп жазады "Жас алаш" газеті шолушысы.

"Айтарын айтқан соң Майкл бұлаңдап, әр нәрсеге ұрынды. Iшiмдiк iшiп, тәртiп сақшыларымен де тәжiкелестi, көшеде бiреулермен де жаға жыртысты. Ақыры 2014 жылы спортқа қайтып келдi. Қайтып келгенi олжа болған екен, Рио суынан бiрнеше алтын медальдi сүзiп алды", - деп тамсанады ол.

Расымен де, Майкл Фелпстiң жазғы Олимпиада ойындарында, яғни үш Олимпиада ойындарынан олжалаған алтын медалi 23-ке жеттi. Фелпстiң қол жеткiзген табысын Олимпиада ойындары өтiп келе жатқан 2 мың жыл iшiнде ешбiр спортшы еңсерген емес. Ендiгi мыңжылдықта да Фелпстiң биiгiне шығатын спортшы туады дегенге сене қою қиын.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер