Алаңға жиналған жарысқа қатысушылар жарыс алдында денелерін шынықтырып алды.


Марафонға қатысуға әлемнің 38 елінен 14 мың адам тіркелген. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда рекордтық көрсеткіш.

Қатысушылар марафонда әртүрлі шақырымдарға жүгіреді. Балалар 3 шақырымға, ересек адамдар 10 шақырымға жүгіреді. Ең ұзыны – 42 шақырым.

2018 жылы жүгіріс трассасы өзгертіліп, жаңартылған. Сөре мен мәре бір жерде Республика алаңында (Сатпаева көшесі, Желтоқсан мен Назарбаев көшелерінің арасында) болды.


Ереже бойынша, марафонға алдын-ала бастапқы жарна төлеген 10 жастан асқан кез келген адам қатыса алады.


Ұйымдастырушылардың айтуынша биыл 15 миллион теңге жиналған. Төленген жарналар қайырымдылыққа жұмсалады.




























Қашықтықтарға жүгірген барлық қатысушыларға мәреші медалі табысталды.







