Показать содержимое по тегу: ұрлық
Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұрланған мұнайға қатысты тауарлық сараптама жасалды. Сараптама қорытындысы кезінде мұнай компаниясының шығыны екі есе кеміді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
АҚШ-та полицияға қызметке тұрмақшы болған ұры анкета толтыру барысында әлі күнге ашылмаған қылмыстар жасағанын жазып, қолға түскен, деп хабарлайды silteme.kz AA.
Атышулы «Ағайынды төртеудің» жетекшісі мұнайдан түскен пайдаға қару-жарақ сатып алған, деп хабарлайды ктк. Бұл туралы Ақтөбедегі мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сот ғимаратындағы сот барысында айтылған.
11 қазан күні «Астана Арена» стадионында ӘЧ-2018 іріктеу турында Қазақстан футбол құрамасымен ойнаған Румыния футболшыларын белгісіз біреулер тонап кетті, деп хабарлайды inform.kz.
Оңтүстіктің полицейлері «жәбірленушінің» өзі ұйымдастарған адам ұрлау фактісін ашты. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.
Оқиға былай болған. 14 тамыз күні Қаратау полиция бөліміне жергілікті азаматша шағымданып келді. 46 жастағы әйелдің айтуынша, Сайрам ауылында 23 жастағы ұлын белгісіз тұлғалар «ВАЗ» автокөлігіне отырғызып, алып кетіпті.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Қаратау полиция бөлімі қызметкерлерінің бірлесе жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының екінші тәулігінде жоғалған жігіт Шымкенттегі жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды.
Сөйтсе, ол жігіт достарының көмегімен өзін-өзі «ұрлаған» болып шықты. Тергеушілерге ұсталған жігіт бұл әрекетін өзінің қарыздарын қайтармау үшін жасағанын айтып берді.
Қазір осы факті бойынша қылмысты кодекстің 419-бабы (көрінеу жалған сөз жеткізу) бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.