Показать содержимое по тегу: мамандық
Бала күнімізде балалар журналының соңғы бетінде қолдан салынған сурет берілетін. Журналдың әр санын қолыма алған сайын сол суретке әңгіме құрастырамын. Редакцияға жіберемін де, журналдың келесі санын асыға күтемін. Бірақ, «Балдырғанға» да, «Ақ желкенге» де менің әңгімем бірде-бір рет шыққан жоқ. Сонда да қайтпай, жаза беретінім есімде қалыпты. Бесінші, әлде алтыншы сыныптан бастап өлеңдерім аудандық газетке шыға бастады.
Болашақтың мамандықтары: Y, Z заманауи жас буын өкілдері қандай бағытқа дайындалу керек? Бұл тақырып Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасымен бірлесіп өткізетін республикалық ғылыми-практикалық конференциясы барысында талқыға салынады. Іс-шара алдағы көктемде өтеді, деп хабарлайды silteme.kz АА Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Берекелі тамыз айында ел қазынасына тамаша тарту-таралғыларын ұсынып, жыл басында алған мәртебелі міндеттемелерінің үдесінен шыққаны жөнінде, алдағы алар асулары туралы есеп беретін даңғайыр кәсіп иелерінің бірегейі — құрылысшылар болып табылады.