Показать содержимое по тегу: тыйым
Норвегияда танымал «Прогресс партиясы» елдегі мешіттерде дауыс ұлғайтқыштармен азан шақыруға тыйым салуды ұсынды. Көші-қон саясатының мәселелерімен айналысатын «Прогресс» партиясының өкілі Юн Хельгхайм партия съезінде тиісті ұсынысты қарастырды.
Түркіменстанда енді жасы отызға толмаған ер азаматтар шетелге шыға алмайды деп хабарлады Дашогус облысындағы миграция қызметінің өкілі Азаттықтың түркімен қызметіне.
Қазақстанның бірқатар облыстарында оқушыларға смартфондарды ұстауға тыйым салу мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ға ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінен хабарлады.
2017 жылы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жүргізген діни сараптама жұмыстары барысында 4 332 материалға (діни әдебиеттер, діни бағыттағы басқа да материалдар) зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 196 нысанға теріс қорытынды берілді, деп хабарлайды silteme.kz.
Швецияда кәсіпқой боксқа біржола тыйым салынуы мүмкін. Бұл боксшылардың ауыр жарақат алуымен байланыстырылып отыр, -деп prosports.kz сайтына сілтеме жасап silteme.kz порталы хабарлайды.