Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері: құтқарушылар кеңесі
24.11.2021, 01:03

Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері: құтқарушылар кеңесі

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ратбек Демеуберген онлайн-брифинг барысында қысқы кезеңдегі қауіпсіздік ережелері мен мұздағы қауіпсіздік ережелерін еске салды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Құтқарушылар қыста жолда сақ болуды және дауылды ескерту жариялаған кезде алыс жолға жолға шықпауды кеңес етеді. Жүргізушілер алыс жолға шығар алдында ауа райына мән беруі қажет.

«Аяқастынан мұз опырылып, су астына кеткенде не істеу керек? Үрейге бой алдырмай, орынсыз әрекет жасамай, тыныс алуды бақылауда ұстау керек. Қолыңызды кең жайып, мұздың шетіне жабысуға тырысыңыз. Ағым сізді су астына алып кетпес үшін жылдам қозғалмай, мұздың шетіне ұстап, оған бірінші, артынан екінші аяғыңызды шығарыңыз. Келген жағыңызбен шығып кетуге тырысыңыз. Себебі ол жақтың мұзы қалыңырақ», - деді спикер.

Сондай-ақ, ол мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін кемінде 7 см болуы керек екенін, мұз айдынын салу үшін – 12 см немесе одан да көп, жаяу жүргіншілер өткелін жасау үшін – 15 см және одан да көп, автомобильдердің өтуі үшін кемінде 30 см болуы керек екенін еске салды.

Бұл ретте мас күйінде мұзға шығуға, секіруге және мұз үстімен жүгіруге, бір орында көп адам жиналуға, жұқа мұзға шығуға үзілді-кесілді тыйым салынады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер