Астанада «Еліміздің жаңа есімдері» атты фотокөрме ашылады
16.03.2018, 12:39

Астанада «Еліміздің жаңа есімдері» атты фотокөрме ашылады

Наурыздың 17 мен 21 аралығында «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында «Еліміздің жаңа есімдері» атты фотокөрме жұмыс жасайды. Іс-шара Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты үндеуі негізінде ұйымдастырылған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының аясында ұйымдастырылып отыр. Көрмеде аталған бәйгенің жеңімпаздарының суреттері мен оолардың атқарған жұмысы мен өмірбаяны туралы қысқаша мағлұмат беріледі, деп хабарлайды silteme.kz АА.

Фотокөрме өткен жылы 1 желтоқсан күні «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы жеңімпаздарының басын біріктірген форумда, Елбасының жеңімпаздармен кездесуі барысында көрсетілген болатын

Жоба мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан бірақ халыққа танылмаған жаңа есімдерді елге таныстыру және жетістікке жеткен өмірбаяндарын паш ету.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» 2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша халыққа кеңінен танылмаған бірақ белгілі бір салада елеулі жетістіктерге жетіп, мемлекетімізідің дамуына ауқымды үлес қосқан азаматтарды тауып, олардың үлгі боларлық жұмысын дәріптеу мақсатында жүзеге асырылған. Бәйгеге еліміздің түкпір-түкпірінен түрлі мамандық иелері қатысып, ең мықты деген 100 адам ашық онлайн дауыс беру арқылы іріктеліп алынған.

18 наурызда сағат 14:00 «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушылары келіп өздерінің жобалары және келешек жоспарларымен бөліседі.

Жоба ұйымдастырушысы Ақпарат және коммункациялар министрлігі.

Көрмеге кіру тегін.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер