Показать содержимое по тегу: чарли чаплин
«Бірде мен Нью-Йорк метросының электр пойызымен жүріп өткенім бар. Үйге келгенде, мен өз қалтамнан алтын сағат тауып алдым. Бұл бағалы заттың қалтама қалай түсіп кеткеніне ақылым жетпеді де, мен оны полиция бөлімшесіне апарып өткіздім» - деп жазады әйгілі комик Чарли Чаплин.
«Келесі күні пошта тасушы маған хат әкеліп берді. Онда "Құрметті, Чаплин мырза! Сізге хат жазып отырған - кәсіпқой қалта ұрысы. Кеше метрода мен бір дәулетті адамның алтын сағатын қақшып кеткен едім. Метрода сізді кездестірдім де, бір сыйлық жасамақ боп, қалтаңызға білдірмей ғана салып жібердім. Қабыл алыңыз!" деп жазылған екен»
«Арада жыл өтті. Полиция ұрыны да, сағаттың иесін де таба алмады. Сосын, амал жоқ, әлгі алтын сағатты өзіме қайта жолдаған екен. Бұл оқиға жайында гәзеттер бірнеше мәрте жазды да. Міне, қызық! Бірнеше күн өткен соң, тағы бір хат алдым. Онда былай деп жазылған екен. «Құрметті, Чаплин мырза! Бір жыл бұрын мен метрода алтын сағатымды ұрлатып алған едім. Гәзеттерден белгісіз бір ұры ол сағатты сізге сыйлағаны жөнінде оқыдым. Сол сағат сізде қалса екен деп тілеймін. Мен сіздің талантыңызды қалтақағар ұрыдан да артық бағалай алатынымды білдіргім келеді. Соның айғағы ретінде, сіздің алтын сағатыңызға алтын бау беріп жіберіп отырмын»»
Бұл жолдар әйгілі актердің күнделігіндегі жазбалар.
Чарли Чаплин 1889 жылы 16-сәуірде дүниеге келген.