Показать содержимое по тегу: бақ
Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына орай Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен Қазмедиа Медиамектебімен бірлесе отырып, қазақстандық журналистерге арналған «Еуроодақ – Қазақстан: әріптестік пен ынтымақтастықтың 25 жылдығы» атты кәсіби халықаралық тағылымдамаға байқау жариялайды. Байқау Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы қатынастарды кеңейтуге әрі нығайтуға, ашық диалог қалыптастыруға және Қазақстан медиа қауымдастығында Еуропалық Одақ туралы хабардарлықты жетілдіруге бағытталған.
Бүгінгі таңда жер жаһанды қатты алаңдатқан экстремизм және терроризммен, жат пиғылды радикализммен кейінгі жылдары еліміз де бетпе-бет келе бастады. Оның басты себебі – кейбір қоғам мүшелерінің қолжетімді ақпараттарды сараптай білмеуінде жатқаны анық. Өйткені, діни және құқықтық тұрғыдан сауаттылығы жетіспеген адамның кез келген діни бастамаға салыстырмалы күйде қарауға мүмкіншілігі жетпейді. Осының салдарынан теріс ағымның жетегінде кеткенін білмейтін, өз ұлттық табиғатына қарсы шыққанын сезінбейтін, жалпымемлекеттік қағидаттарға қайшы келетінін ұғынбайтын бедеу ойлы, жалпыадамзаттық игіліктерді мойындамайтын алқа-қотан әрі оқшау азаматтар мен топтар пайда болып, қоғамның берекесін қашыра бастағанын байқамайды.
«Егемен Қазақстан» газетінің бұл жобасы төртінші билік өкілі болғысы келетін жас мамандарға арналған.
Қазақта да қараланбаған адам қалсыншы.
Айтулы айтыскер, халық ақыны Әселхан Қалыбекова өзінің фэйсбук парақшасында БАҚ өкілдерінің атақты адамдарға "жақтым күйе, жаптым жала" дегенді көбейтіп бара жатқанын айтып, ескерту жасады, деп хабарлайды silteme.kz AA.
2018 жылғы сәуір айынан бастап елімізде экология тақырыбына арналған телеарна жұмыс істейтін болады. Бұл туралы «Жаңартылған энергия көздері туралы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің концептуальдық негіздерін талқылау» атты республикалық ғылыми конференцияда «Байтақ Болашақ» РҚБ президенті Азаматхан Әміртай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.