Жас журналистерге арналған «Егемен Академиясы» жобасы іске қосылмақ
27.03.2018, 15:22

Жас журналистерге арналған «Егемен Академиясы» жобасы іске қосылмақ

«Егемен Қазақстан» газетінің бұл жобасы төртінші билік өкілі болғысы келетін жас мамандарға арналған. 

«Егемен академиясы» – Медиа қызметкерлеріне және студенттеріне білімін шыңдауға, біліктілігін арттыруға және заманауи трендтермен танысуға мүмкіндік беретін оқу алаңы. 

Жобаның мақсаты – қазақтілді басылым мамандарының білімін арттырып, салалық журналистикаға бейімдеу, сондай-ақ өзекті тақырыптар төңірегінде талқылау алаңын кеңейту.

Жоба келесі міндеттерді атқарады:

Журналистика мамандығында оқитын жастардың білімін шыңдау;

Өңір журналистерінің біліктілігін арттыру;

Салалық тақырыптар бойынша мамандардың қатысуымен лекция мен семинар өткізу;

Қоғамда болып жатқан өзекті тақырыптар бойынша дискуссия алаңын ұсыну;

Қазақ журналистикасы мәселелерін көтеру.

Форматына келер болсақ, «Егемен Академиясы» үздіксіз қызмет етеді және оның шаралары тікелей эфирде Egemen.kz сайтында және әлеуметтік желілерде көрсетіледі. Жоба үш айдан тұратын курстарға бөлінген. Әр курс аяқталған кезде өткен сабақтар бойынша танымдық мақала, эссе және сараптамалық материал жазған белсенді қатысушыларға арнайы сертификат табысталады. 

Жоба шаралары: шеберлік сағаты, лекция және семинар, тренинг және дискуссия түрінде өтеді. Алғашқы маусым үстіміздегі жылдың 29 наурызында басталмақ. Қатысамын деушілер жобаның www.egemen.academy сайтына кіріп, тіркеле алады. Сұрақтар бойынша +7 7172 37 60 74, +7 7172 37 56 80 нөмірлеріне қоңырау шалып, academy@egemen.kz электронды поштасына жаза аласыздар.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер