А.Мырзахметов Астана төңірегіндегі азық-түлік белдеуін дамыту шараларын ұсынды
05.08.2016, 19:32

А.Мырзахметов Астана төңірегіндегі азық-түлік белдеуін дамыту шараларын ұсынды

Камшат Жақсылыққызы Камшат Жақсылыққызы silteme.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовке Астана төңірегіндегі азық-түлік белдеуін дамыту шаралары туралы баяндады, деп хабарлайды silteme.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев индустрияландыру бағдарламасының 2016 жылғы І жартыжылдықтағы жүзеге асырылу қорытындыларына арналған кеңесте жеке үй шаруашалығы өнімдерін өңдеу мен өткізуді қамтамасыз ету және олардың кооперациясын жеделдетіп дамыту жөнінде тапсырма берген болатын.

Осыған баса назар аударған Вице-Премьер бүгінгі таңда азық-түлік өнімдерін әлеуетті жеткізушілер ретінде Астана қаласынан 300 шақырым шеңберінде орналасқан азық-түлік белдеуі төңірегіндегі АӨК субъектілері алынғанын атап өтті. Осы белдеуге Ақмола облысының 17 ауданы және Қарағанды облысының 4 ауданы кіреді.

Оның айтуынша, 2015 жылғы мәліметтер бойынша Астана азық-түлік белдеуі өндірісінде ұн, жұмыртқа, сүт, картоп, жылқы және құс еттері сынды тамақ өнімдерімен қамтылған. Сонымен қатар, сары май, ірімшік және сүзбе, шұжық өнімдері, көкеністер сияқты өнімдердің белгілі бір өндіріс әлеуеттері бар.

«Астана қаласының азық — түлік белдеуінде 22 сүт өндеу кәсіпорындары бар. Осы кәсіпорындардың өнімділігін арттыру үшін жылына 100,5 мың тонна сүт қажет болады. Ол үшін сүт қабылдау пункттерін ашу керек. Ал логистиканы қамтамасыз ету үшін сүт тасымалдаушыларды сатып алған жөн», — деді ведомства басшысы.

Бұдан бөлек, Астананың көкеністік әлеуетін арттыру үшін Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарын іске қосу, ал азық-түлік бағасын қолжетімді ету үшін көкеніс сақтаушы қоймалар мен жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру, жалған азық түрлерінен тұрғындарды хабарландыру және азық өнімдерін маркасына сәйкестілігі бойынша сараптама жүргізу ұсынылды.

Осы қатардағы маңызды мәселенің бірі ретінде сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту үшін көтерме үлестіру орталықтарын ашу баса айтылды. Ресми статистикалық деректерге қарағанда, Астанада көтерме айналымның 1%-ы ғана ірі кәсіпорындар арқылы іске асырылады. Ал қалған 85% ұсақ кәсіпорындардың үлесінде. Бұл арадағы сансыз делдал мен жоғары бағаның өзара байланысты екендігін көрсетеді.

«Аталған мәселені шешудің жолын біз көтерме үлестіру орталықтарын дамытудан көріп отырмыз. Болашақта олар ауыл шаруашылығы кооперативтері өнімдерін орналастыратын алаңға айналып, қолжетімді бағамен қандай да бір делдалдардың үстемелерінсіз ірі елді мекендер тұрғындарының отандық сапалы өнімге деген қажеттілігін өтеуге мүмкіндік береді», — деп түйіндеді А.Мырзахметов.

Жалпылай алғанда, министрдің хабарлауынша, алдағы уақытта агроөнеркәсіп  кешеніне мемлекеттік қолдау құралдары тарапынан келесі көмек көрсетілмек:

— негізгі және айналым қаражатын сатып алу үшін жеңілдікпен кредит: сүт қабылдайтын пунктерге, отбаслық мал бордақылау алаңдарына, мал соютын алаңдарға,  уатқыштарға, тоңазытқыш камераларға, реттеуші жабдықтарға берілетін болады;

— жабдық пен техниканының лизингі (сүт тасымалдаушылар);

— инвестициялық субсидиялар;

— кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;

— кеңестік көмек көрсету;

— көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыру Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасы есебінен жүргізілетін болады. Сонымен қатар, «КазАгро» ҰБХ» АҚ есебінен де қосалқы қаражаттар қарастырылатын болады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл тұрғындарын өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және ауыл шаруашылық өнім көлемін арттыру бойынша бірнеше шараларды қолға алды. Өз кезегінде, Астана қаласының азық — түлік белдеуі бұл вектордағы басты бағыттардың бірі.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер