Показать содержимое по тегу: Нұрсұлтан
Елордада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай оңалту орталығы ашылды, онда ерекше қажеттіліктері бар балалар мамандардың сапалы қызметтерін тегін ала алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында құрылысы ұзаққа созылған ауқымды «Шығыс» тұрғын үйі аяқталуда. Көппәтерлі тұрғын үй кешені бірнеше кезектен тұрады, онда үлескерлердің ең көп саны шоғырланған – шамамен 2,5 мың отбасы. Бірінші кезекте «Шығыс» ТК құрылысы аяқталып, қазір 800-ге жуық үлескер өз пәтерлерінде тұрып жатыр, ал құжаттарды ресімдеу процесі жүргізілуде. Биыл барлығы 57 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады, осылайша 7500-ден астам үлескердің мәселесі шешіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтанда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы күні кезекте тұрған 400-ге жуық отбасы пәтер кілтіне ие болды. Оның ішінде «Отбасы банкі» арқылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандар бар. Желтоқсан айында 2 мыңнан астам кезекте тұрған отбасы әлеуметтік пәтерге ие болды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй саны 10 мың пәтерге дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жеті мектептің құрылысы аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бүгін «Астана» концерт залында «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Сарыарқа – тарихтың бастауы» атты салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.