ИДМ 2017

Показать содержимое по тегу: ИДМ 2017

2017 жылдың 18-22 қаңтары күндері Мадрид қаласында 36-шы халықаралық FITUR-2017 туристік ндустрия көрмесі өтеді.

Опубликовано в Жалпы экономика

1. Шарджа әуежайы

Эйр Арабиа әуекомпаниясының ақпаратына сәйкес, Шарджа қаласы әуежайында (Біріккен Араб Әмірліктері) ауа райының нашарлығына байланысты (қалың тұман, көріну нашарлығы) Эйр Арабиа әуекомпаниясының Шарджа-Астана-Шарджа және Шарджа-Алматы-Шарджа бағыттары бойынша 2016 жылдың 29, 30, 31 желтоқсанына жоспарланған рейстері, сондай-ақ, Флай Дубай әуекомпаниясының Дубай-Алматы-Дубай бағыты бойынша 2016 жылдың 31 желтоқсанына жоспарланған рейстері кейінге шегерілді. Сонымен бірге, әлемнің басқа елдеріне (Армения, Украина, Ресей, Бахрейн, Катар, Египет және тағы басқа) жоспарланған ондаған рейстер де ұшпай қалды. Жалпы рейстердің кешігуі салдарынан шамамен 500 жолаушы жапа шекті.

Министрлік аталған күрделі жағдайды реттеу үшін мынандай шараларды қабылдады:

-Туризм индустриясы департаменті, Азаматтық авиация комитеті, ҚР Сыртқы істер министрлігі қызметкерлерінің, сондай-ақ, әуекомпаниялар, әуежайлар және туроператорлар өкілдерінің қатысуымен жедел штаб құрылды;

-Сыртқа шығу туризмі саласында қазақстандық азаматтардың кепілдендірілген құқықтары жүйесі механизмі алғаш рет жүзеге асты. 2016 жылы 31 желтоқсанда «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының кепілімен және SCAT әуекомпаниясының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы Шарджа-Алматы-Шарджа бағыты бойынша қосымша рейсімен  жолаушыларды жедел алып шығу ұйымдастырылды;

-жолаушылардың қалған бөлігі басқа әуекомпаниялардың тұрақты рейстерімен елге жеткізілді және  рейстер кешіккен кезде жолаушылар қонақүймен қамтамасыз етіліп, тамақтандырылды;

-әуекомпанияның ақпараты бойынша рейстері кешіккен барлық жолаушыларға тарифтің толық құны өтелетін болады;

-БАӘ тиісті мемлекеттік органдарына және Эйр Арабиа әуекомпаниясына ресми нота жолданды. Аталған жағдайдың салдарын талқылау үшін Эйр Арабиа әуекомпаниясының басшылығы биыл қаңтардың 23-24 күндеріне Астанаға шақырылды.

Эйр Арабиа және Флай Дубай әуекомпанияларының кешігуі кезіндегі жағдай аталған әуекомпаниялар рейстерінде орындардың 60% туроператорларға блоктап сатылуына байланысты болған. Сәйкесінше, жолаушылар әуебилетін жеке сатып алмайды, олар туроператордың ұсынуы бойынша билет пен өзге де қызметтер құны кіретін турды сатып алады.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақталды, рейстер кестеге сәйкес орындалуда.

 2. Ыстамбұл әуежайы

Ау райының төтенше жағдайына байланысты (қалың қар жауу) Түркия әуежелісінің әуекомпаниялары берген ақпаратқа сәйкес,  Ыстамбұл (Түркия) қаласының әуежайынан 2017 жылдың 6, 7, 8, 9 қаңтары күндері Ыстамбұл – Алматы – Ыстамбұл және Ыстамбұл – Астана – Ыстамбұл бағыттары бойынша жоспарланған Түрік Әуежелісі әуекомпанияларының рейсі кейінгі шегерілген.

Биылғы жылдың 9 қаңтары күні Эйр Астана әуекомпаниясының рейсі де кейінге шегерілді. Бүгін де Түрік Әуежелісі әуекомпаниясының рейсі кейінге шегерілмек.

Сонымен қатар, Ыстамбұл қаласының Ататүрік (IST) және Сабиха Гёкчен (SAW әуежайларынан әлемнің басқа елдеріне ұшатын 1000-нан астам әуе рейсі кейінге шегерілді.

Бүгінгі күнге жолдан қалған жолаушылардың саны 900-ге жуықтайды. Ақпарат бойынша, жолдан қалған барлық жолаушыларға тұратын орын беріліп, азық-түліктер үлестірілді. Жолаушылар басқа компаниялардың рейсіне және Түрік Әуежелісі әуекомпаниясының келесі рейстеріне бөлінуде.

Ауа райы болжамының деректері бойынша жақын тәуліктерде қалың қардың жаууы жалғаспақ. Ол ұшу-қону жолақтарын тазалауға және әуе кемелерінің сыртына мұз қатпайтын шаралар жасау үшін қиындық тудырады. 

Қаңтар айының тоғызы күнгі сағат 21:00-дегі жағдай бойынша, Ыстамбұлда Алматы мен Астанаға ұшуы тиіс Түрік Әуежелісінің 300 жолаушысы бар. Кері бағытқа ұшуы тиіс жолаушылардың саны да осы шамада.

Әуебилеттері қазір бұрынғыдай блоктап емес, көпшілікке қол жетімді жүйе бойынша брондау арқылы және ашық сатылуда.

 

3. Тайланд әуежайы

Қолдағы деректер бойынша, Таиландтағы күрделі метео жағдай (қалың жауын-шашын, аралдың бір бөлігіндегі су тасқыны) мен ішкі рейстердің шегерілуіне қарамастан қазақстандық әуекомпаниялар аталмыш бағытқа жоспарлы рейстерді орындады.

Опубликовано в Жалпы экономика

Дайындалып жатқан нормативтік құқықтық актілер туралы халыққа алдын ала ақпарат беру, жобаларды дайындау үдерісіне қатыстыру және максималды ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылға арналған нормативтік құқықтық актілерді дайындау жоспары ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 878 бұйрығы бекітілді.

Опубликовано в Жалпы экономика

Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев пен облыс әкімінің орынбасары Серік Ақтановтың қатысуымен ШҚО бойынша жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын дамыту жөнінде бірлескен кеңес өтті.

Опубликовано в Жалпы экономика

2017 жылы 26 сәуірде Астанада «Көрме» кешенінде Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жыл сайынғы «KIOSH-2017» 7-ші Қазақстандық Халықаралық Конференция және Көрме ашылды. Шара Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне байланысты ұйымдастырылды.

Опубликовано в Жалпы экономика
Страница 5 из 11

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер