Показать содержимое по тегу: ана мен бала
Оңтүстік Қазақстан облысында нәрестенің өлім-жітім көрсеткіші былтыр 2016 жылмен салыстырғанда 3,4 пайызға төмендесе, ана өлімі 34,1 пайызға азайған. Осылайша Оңтүстік Қазақстан облысы ана өлімі бойынша республикада 5-орында тұрақтап отыр. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлім етті, деп хабарлайды silteme.kz АА ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балалар аудиториясы – жарнама жасаушылар үшін нағыз табыс көзі. Өйткені балалардың ақпараттарды қабылдауға деген түйсігі әлі қалыптаспағандықтан кез келген жарнаманың тұтынушысы болып жатады.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша "бедеу неке" деп жұбайлардың екеуі де бала табуға қабілетті жаста бола тұра, бір жыл бойы контрацепсіз, үнемі жыныстық қатынасқа түсу нәтижесінде жүктіліктің жүзеге аспауын айтады.