–Жалған хабар жылдам таралады. Ақпарат таралып кеткен соң, оның рас-өтірігін дәлелдеп, қаншама материал жазылса да, бастапқыдай ешкім оқып жатпайды. Ақпаратты сенсация үшін таратып, рейтинг жоғарылатқанымен, оның қоғамға келтіретін зардабын да ойлау керек. Дәстүрлі БАҚ-тың артықшылығы ақпараттың анық-қанығына көз жеткізіп, тексеріп барып жариялайды. Қазіргі кезде лезде таралатын ақпараттардың қайсысы шын, қайсысы жалған екенін ажыратып жату қиын. Ақпарат тасқынын ешкім тоқтата алмайды. Тек сенсацияға сүзгі керек. Рейтинг үшін адамгершіліктен аттап кетуге болмайды. Сондықтан дүниежүзінің сарапшы, журналист, саясаткерлері жиналған Еуразиялық медиа форумда талқылатын жатқан әрбір мәселе бүгінгі күнде өте өзекті деп айтар едім, – деді тәуелсіз сарапшы Саясат Нұрбек.
Форум аясында қазіргі заманғы қоғамдағы өзекті мәселелер жеке-жеке талқыланбақ.
Майра Бақыт
Дереккөз: aikyn.kz