Показать содержимое по тегу: ұдт
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыты бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз» деп нақты тапсырма жобасын бекіткен болатын. Бұл жоба жас ұрпақтың бойына жаһандық ой-сана құндылықтарын сіңіруге ерекше серпін береді деп ойлаймыз.