Показать содержимое по тегу: Досаев
- «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев Еуропа қайта құру және Даму банкінің (ЕҚДБ) бірінші вице-президенті Фил Беннетпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Silteme.kz.
Тараптар шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, ұлттық валютада қорландыруды тарту, тұрғын үй құрылысын қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық, инвестициялық жобаларды дайындау мен құрылымдау, мемлекеттік активтерді жекешелендіру, сондай-ақ сақтандыру өнімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Келіссөздер барысында Ерболат Досаев инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту, шағын және орта бизнес өкілдерін қашықтан оқыту жөніндегі өңірлік офисті құру, сондай-ақ Холдингтің еншілес ұйымдарын жекешелендіру жөніндегі жоспарларды іске асыру бойынша ЕҚДБ-ның тәжірибесін (техникалық көмек) тартудың маңыздылығын атап айтты.
Өз кезегінде Фил Беннет орнықты және инклюзивті экономиканы құру ЕҚДБ үшін түйінді басымдылық болып табылатындығын тілге тиек етті. Сондай-ақ ЕҚДБ-ның вице-президенті қазақстандық кәсіпкерлерді қолдауға дайын екендігі, шағын кәсіпкерлер деңгейінде қаржыландыруға қолжетімділікті жақсарту және жергілікті валютада қарыз беру туралы айтты.
Кездесу барысында Еуропа қайта құру және Даму банкі (ЕҚДБ), Халықаралық қаржылық корпорациясы (IFC), «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мен Холдингтің еншілес ұйымы «Kazakhstan Project Preparation Fund» (KPPF) арасында Өзара түсінушілік туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум шеңберінде индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде мемлекеттік-жекешілік серіктестік жобаларды бірлесіп іздеу, іріктеу, құрылымдау және бірлесіп іске асыру үшін тұжырымдамалық тәсілдерді іске асыру бағытында диалогтық платформа құрылатын болады.
«Бәйтерек» холдингі өзінің еншілес ұйымы «Kazakhstan Project Preparation Fund» (KPPF) арқылы халықаралық аналогтар тәжірибесі бойынша KPPF құрылымдалған жұмысы саласындағы үздік әлемдік тәжірибені зерттеу мен бейімдеу бағытында ЕҚДБ және Халықаралық қаржылық корпорациямен (IFC) белсенді ынтымақтастық жүргізуде.
Оның үстіне, бүгінгі уақытта Холдингтің еншілес ұйымы «Даму» қоры ЕҚДБ-ның қазақстандық бизнесті қолдау үшін 8,61 млрд. теңге бөлуі туралы келісімге қол қойды. Құжатқа ЕҚДБ бірінші вице-президенті Фил Беннет, «ЦентрКредит Банк» АҚ Төрағасы Владислав Ли және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин қол қойды. Қаражат «Даму» Қорының кепілдігімен «ЦентрКредит Банк» АҚ бөлінеді. Жалпы сомасы 8,61 млрд. теңгені құрайтын бөлінген қаражаттың 6 млрд. 750 млн. теңгесін шағын және орта бизнес жобаларына, 1 млрд 860 млн. теңгесін «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасына беру көзделген.
Кредит берудің талаптары: қарыздың максималды сомасы - 900 млн. теңгеге дейін; кредит беру мерзімі – 12 айға дейін; сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 16%-ға дейін.