Экономика

Показать содержимое по тегу: Экономика

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың төрағалығымен селекторлық режимде Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы саласының ағымдағы жай-күйі мен проблемалық мәселелеріне арналған отырыс өткізілді, деп хабарлайды silteme.kz.

Жиынға Ауыл шаруашылығының вице-министрлері мен ведомствалық комитеттер мен департаменттер басшылары, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары мен облыстық ауыл шаруашылығы құрылымдарының қызметкерлері және де «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымдарының өкілдері қатысты.

«Еліміздің барлық өңірлерінен күн тәртібінде тұрған өзекті АӨК-тің проблемалық мәселелерін жинақтадық. Осы материалдардың негізінде арнайы кесте түзіліп, бүгіннен бастап әр аймақтың түйткілдерін жеке дара бейнеконференциялық байланыс арқылы қарауды бастаймыз. Бұл шаралардың басты мақсаты – мәселелерді көтеріп қана қоймай, нақты шешімдер қабылдау және Ауыл шаруашылығы министрлігі мен аймақтық атқарушы органдар арасында тиімді қарым-қатынас жүйесін қалыптастыру болып табылады», - деп атап өтті А.Мырзахметов.

Жаңа форматтағы бұл үрдіс Жамбыл облысының мәселелерін талқылаудан басталды.

Бейнебайланыс барысында жамбылдықтар тарапынан біріншікезекті мәселе ретінде мал шаруашылығы саласына субсидияның жетіспеушілігі, тиімділігі айтылды. Олардың хабарлауынша, ағымдағы жылы Жамбыл облысының мал шаруашылығын субсидиялау бағдарламасына қосымша 2,1 млрд. теңге, ал АӨК субъектілеріне инсвестициялық субсидиялау үшін 2,8 млрд. теңге қажет.

Бұған жауап ретінде, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері экономикалық өсім мен 2016 жылғы жұмыспен қамту ауқымын ұлғайту аясында Министрліктің облыс әкімдіктерімен бірлесіп мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау үшін қосымша 30,2 млрд. теңге сомасында қаржы бөлу бойынша бюджеттік сұраным әзірлегенін атап өтті. Оның ішінде, Жамбыл өңіріне 5,7 млрд. теңге бөлу қарастырылғаны және де сұранымның Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері тарапынан қолдау тауып отырғандығы айтылды. 

Екінші сұрақ ретінде малға арналған нөмірленген құлақ сырғаларының жеткізілуі мәселесі талқыға түсті. 2015-2016 жылдардың өтінімі бойынша сұралған сырғалар діттеген жеріне уақытылы жеткізілмеген.

Бұл орайда А.Мырзахметов жауапты құрылымдарға аталған олқылықтың алдағы уақытта қайталанбауын қатаң ескертіп, сырғалардың арнайы қоры жасалуын және де әр жылдың 1 наурызына дейін сырғалардың тиісті орындарға жеткізу міндетін қолданыстағы ережеге енгізуді тапсырды.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы аграриилерін мазалап отырған тағы бір түйткіл – лизингке техника беру ережесін елеп-екшеу мәселесі қызу талқыланды. Өңір өкілдерінің пікіріне сүйенсек, әр өңірдің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес лизингтік талаптарды Қазақстан бойынша бірыңғай қолдануға келмейді. Мәселен, бір техникаға байланысты жердің көлемі оңтүстікте солтүстікке қарағанда әлдеқайда төмен. Сондықтан да, осыны ескеру керек. Географиялық спецификаға қарай мұнда көлем мен көрсеткіштерге байланысты бірқатар қиындықтар бар.

Өз кезегінде, сындарлы ұсыныстарды қабылдауға әзір екендігін атап өткен Ауыл шаруашылығы министрі өз қызметкерлеріне лизингтік талаптарды әр өңірдің ерекшелігіне қарай қайта қарастыруға тапсырма берді.

Сонымен қатар, жиында Жамбыл облысының ауыл шаруашылығына байланысты бірқатар мәселелер қаралды.

Жиын соңында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Абдалы Нұралиев барлық құзырлы тараптардың бір стол басында бас қосып, ортақ мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін мұндай тиімділігі жоғары жаңа форматтағы бейнебайланыстың өте қажет екендігін баса айтып, алғыс білдірді.

Опубликовано в Жалпы экономика

Батумиге демалуға барған қазақстандық туристер бірнеше күннен бері елге орала алмай отыр. Оған жолаушыларды тасымалдайтын ұшақтың кенеттен тексерілуі себеп болған. Бүгін Bek Air компаниясы көмек беру үшін Батумиге бір бортын жіберді. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек  фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BNews.kz-ке сілтей отырып silteme.kz.

Опубликовано в Әралуан

Әлемдік нарықтағы жағдай бүгінде тұрақсыз. Қысқа күнде қырық құбылып тұрған баға дүниежүзілік нарыққа негізінен шикізат өнімдерін шығаратын елдер үшін қиын соғып тұр.

Опубликовано в Жалпы экономика

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қ.Айтуғанов Түркістан қаласындағы «Мамлакат» ЖҚШ жұмысымен таныстыру барысында ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовке ЖҚШ арқылы ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуы мүмкіндітерін әңгімеледі.

«Елбасының тапсырмасына сәйкес жаппай кәсіпкерлікті дамытуды жандандыру бойынша Министрлікпен ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және қайта өңдеу кәсіпорындары қуаттылықтарының жүктемесін арттыруда жеке қосалқы шаруашылықтардың потенциалын пайдалану шараларын жүзеге асыру басталды. Тек Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары бойынша айтар болсақ, 388 мыңнан астам жеке қосалқы шаруашылықтар бар, 502 мың өз бетінше жұмыс істейтіндер, оның ішінде 331 мың адам – нәтижелі қамтылғандар», – деді ол.

«Еттің 70 пайызы сүттің 80 пайыздан астамы жеке қосалқы шаруашылықтарда өндірілетіні белгілі. Алайда жеке қосалқы шаруашылықтарда өндірілген мал шаруашылығы өнімдері дайындау мен өнімді өткізу мәселелерінің шешілмеуінен қайта өңдеуге түспейді. Нәтижесінде біздің қайта өңдеу кәсіпорындарымыз тек 60% ғана жүктелген. Біз осы мәселені шешуді көздейміз», – деп толықтырды бірінші Вице-министр.

Оның айтуынша, осыған байланысты қазіргі сәттегі басты міндет – ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен өткізуіндегі қызметті орталықтан ұйымдастыру үшін сүт қабылдау пунктерін, мал бордақылау алаңдарын құру арқылы жеке қосалқы шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіру. Сонда ғана қайта өңдеу кәсіпорындарын толықтай жүктеу мүмкін болмақ.

Айта кетейік, Ауыл шаруашылығы министрлігінде барлық өңірлерге шығып, ауыл тұрғындары арасында ұсынылып отырған шаралардың басымдылығын, ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы кооперативтерінің оңтайлы жақтарын және ауыл шаруашылығын мемлекет тарапынан қолдау бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізетін арнайы жұмыс тобы құрылды.

Опубликовано в Жалпы экономика

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялауға көшу жоспары белгіленген. Ондай ауқымды шараның мақсаты көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес үшін жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жиналуын қамтамасыз етуде мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады. 

Опубликовано в Жалпы экономика
Страница 10 из 11

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер