Экономика

Показать содержимое по тегу: Экономика

  1. Бүгін Шымкент қаласында «Тоқыма өнеркәсібіне арналған тауарлар мен жабдықтар – MACHTEX-2016» II қазақстандық халықаралық көрмесі мен форумы өтуде, деп хабарлайды Silteme.kz.

Екі күнге жалғасатын халықаралық көрменің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев «Machtex 2016» көрмесі тоқыма өнеркәсібіне арналған Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған іс-шара болып табылатынын айтты.

Көрмеге Қазақстан, Италия, Қытай, Қырғызстан, Польша, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Жапония елдерінен 50-ден астам компания қатысуда. «Machtex 2016» көрмесінің қатысушылары тоқыма өнеркәсібіне арналған жабдық, мата мен ұсақ – түйек заттар, өнеркәсіп компанияларына арналған арнайы киім, сервистік қызмет көрсетуге арналған бірыңғай формалар мен мектеп формасын, ұлттық киім, балалар мен үйге арналған тоқыма және кілем өнімдерін,  ерлер мен әйелдерге арналған киім кешектер ұсынуда.

Форум аясында Қазақстан Республикасында жеңіл өнеркәсіпті дамытудың болашағы мен дамуы  жайы және тоқыма өнеркәсібінің инвестициялық әлеуетін арттыруға арналған тәжірбиелік жұмыстар өткізіледі. Аталған форум жұмысына осы саланың 2 мыңнан астам мамандары қатысады.

ОҚО әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша,, бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстанда 2 ірі кілем фабрикасы мен дайын өнім шығарудан шикі мақта өсіруден матаға дейінгі жабық циклін жүзеге асыратын «Азала текстиль» фабрикасы жұмыс істейді. Сонымен қатар, облыста шұлық шығаратын және дайын тоқыма бұйымдары мен арнайы киім тігетін фабрикалар іске қосылған.

Шымкенттегі «Оңтүстік» АЭА-та бүгінде құны 27,8 млрд. теңге болатын 10 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 2 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды. Ал 2010-2015 жылдар ішінде жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2 есеге өсті. Яғни 11,2 млрд.теңгеден  21,7 млрд. теңгеге дейін өскен.

Опубликовано в Әлеумет
  1. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев  Еуропа қайта құру және Даму банкінің (ЕҚДБ) бірінші вице-президенті  Фил Беннетпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Silteme.kz. 

    Тараптар шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, ұлттық валютада қорландыруды тарту,  тұрғын үй құрылысын қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық,  инвестициялық жобаларды дайындау мен құрылымдау, мемлекеттік активтерді жекешелендіру, сондай-ақ сақтандыру өнімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

    Келіссөздер барысында Ерболат Досаев  инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту, шағын және орта бизнес өкілдерін қашықтан оқыту жөніндегі өңірлік офисті құру, сондай-ақ  Холдингтің еншілес ұйымдарын жекешелендіру жөніндегі жоспарларды іске асыру бойынша ЕҚДБ-ның тәжірибесін (техникалық көмек) тартудың маңыздылығын атап айтты.

    Өз кезегінде Фил Беннет орнықты және инклюзивті экономиканы құру ЕҚДБ үшін түйінді басымдылық болып табылатындығын тілге тиек етті. Сондай-ақ ЕҚДБ-ның вице-президенті қазақстандық кәсіпкерлерді қолдауға дайын екендігі, шағын кәсіпкерлер деңгейінде қаржыландыруға қолжетімділікті жақсарту және жергілікті валютада қарыз беру туралы айтты.

    Кездесу барысында  Еуропа қайта құру және Даму банкі (ЕҚДБ), Халықаралық қаржылық корпорациясы (IFC), «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мен Холдингтің еншілес ұйымы «Kazakhstan Project Preparation Fund» (KPPF) арасында Өзара түсінушілік туралы меморандумға қол қойылды.

    Меморандум шеңберінде индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде мемлекеттік-жекешілік серіктестік жобаларды бірлесіп іздеу, іріктеу, құрылымдау және бірлесіп іске асыру үшін тұжырымдамалық тәсілдерді іске асыру бағытында диалогтық платформа құрылатын болады.

     «Бәйтерек» холдингі өзінің еншілес ұйымы «Kazakhstan Project Preparation Fund» (KPPF) арқылы халықаралық аналогтар тәжірибесі бойынша KPPF құрылымдалған жұмысы саласындағы үздік әлемдік тәжірибені зерттеу мен бейімдеу бағытында ЕҚДБ және Халықаралық қаржылық корпорациямен (IFC) белсенді ынтымақтастық жүргізуде.

    Оның үстіне, бүгінгі уақытта Холдингтің еншілес ұйымы «Даму» қоры ЕҚДБ-ның қазақстандық бизнесті қолдау үшін 8,61 млрд. теңге бөлуі туралы келісімге қол қойды. Құжатқа ЕҚДБ бірінші вице-президенті Фил Беннет, «ЦентрКредит Банк» АҚ Төрағасы Владислав Ли және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин қол қойды. Қаражат «Даму» Қорының кепілдігімен «ЦентрКредит Банк» АҚ бөлінеді.  Жалпы сомасы 8,61 млрд. теңгені құрайтын бөлінген қаражаттың 6 млрд. 750 млн. теңгесін шағын және орта бизнес жобаларына, 1 млрд 860 млн. теңгесін «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасына беру көзделген.

    Кредит берудің талаптары: қарыздың максималды сомасы - 900 млн. теңгеге дейін; кредит беру мерзімі – 12 айға дейін; сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 16%-ға дейін.

     
Опубликовано в Бизнес

Оңтүстік Қазақстан облысының климаттық жағдайы ауыл шаруашылығын оның ішінде мақта шаруашылығын дамытуға ең қолайлы аймақ болып табылады, деп хабарлайды Silteme.kz.

Опубликовано в Экономика

Мал бордақылау алаңдарын және сүт қабылдау пункттерін кепілдіксіз сатып алу үшін Министрлік тарапынан несиелендірудің қолжетімділігін қамтамасыз ететін жүйе әзірленді. Бұл туралы Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов мәлімдеді, деп хабарлайды silteme.kz.

««ҚазАгро» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдары арқылы лизингке бере отырып, бастапқы жарна ретінде инвестсубсидиялар қарастырылады және бұл қаржыға кепілдікке сатып алынатын жабдықтар алынады.Отандық компаниялармен нарықта модулді сүт қабылдау пункттері ұсынылған. Олар аз шығынды және арнайы орындар мен қондырғыларды монтаждауға қосымша шығынды қажет етпейді. Тек энергия және сумен қамтамасыз ету желісінің болуы қажет», - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, Қ.Айтуғановтың айтуынша, әрбір облыста пилотты аудандарды аңықтау жұмыстары басталды және де осы аудандарда шаралардың талаптарына сай келетін кооперативтер құрылатын болады. Одан кейін, аталған кооперативтердің тәжірибесі басқа өңірлерде таралуға пайдаланылатын болады.

Опубликовано в Жалпы экономика

Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарында индустрияландыру мен инвестиция салаларындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асып жатқан қазақстандық-Қытайлық жобаларға қатысты алып-қашты әңгіме көп.

Опубликовано в Сарап Time
Страница 9 из 11

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер