Показать содержимое по тегу: Кәсіп
ОҚО-дағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көмегімен 2 мыңнан астам азамат жеке кәсібін ашқан
«ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көмегі негізінде ағымдағы жылы 2 мыңнан астам кәсіпкер жеке кәсібін бастады. Нәтижесінде 3600 жұмыс орнының ашылуы жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Ғани Өмірзақов мәлімдеді, деп хабарлайды облыстық әкімдік баспасөзіне сілтемемен silteme.kz.
Елімізде бизнес климатты жақсарту мақсатында бірқатар әкімшілік кедергі жойылады, деп хабарлайды khabar.kz.
Олимпиада және әлем чемпионы, спорт ардагері Жақсылық Үшкемпіров «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында өзінің кәсіпкерлік жетістіктерімен бөлісті, деп хабарлайды silteme.kz.
Егер ресми дерекке сенсек, Қазақстанда жұмыссыздық жоқтың қасы. Егжей-тегжейлі айтсақ, «елдегі экономикалық белсенді халық саны 8 млн. 907,2 мың адам болса, оның 8 млн. 463,4 мыңы жұмыспен қамтылған, яғни көрсеткіш деңгейі 95 пайыз» дейді құзырлы министрлік. Деректерді әрі қарай сөйлетсек, еңбек етіп жүрген азаматтардың арасында жалдамалы жұмысшылар саны 6 млн. 235 мың адам, өздігінен жұмыспен қамтылғандар — 2 млн. 228,3 мың. Оның ішінде өнімді түрде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар — 1 млн. 809,6 мың, тиімсіз түрде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар — 418,7 мың адам. Ал енді жұмыссыздарға келсек, олардың саны бар-жоғы 452,3 мың ғана көрінеді, бұл — 5,1 пайыз. Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-28 жас) — 4,3 пайыз, әйелдер арасындағы жұмыссыздық — 5,6 пайыз.