Қырғызстан президенті емін жалғастыру үшін Мәскеуге барды
23.09.2016, 12:48

Қырғызстан президенті емін жалғастыру үшін Мәскеуге барды

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев бүгіннен бастап Мәскеудегі ауруханада емделеді деп хабарлады  azattyq.org-қа сілтей отырып silteme.kz.

 Қырғызстан президенті әкімшілігі мәлімдемесінде Атамбаевтың «бұған дейін оның денсаулығын тексеріп, жүрек сырқатын емдеген дәрігерлерден ем қабылдауды жалғастыру үшін» жұма күні Ресей президенті іс басқармасының Мәскеудегі орталық клиникалық ауруханасына барғаны айтылған. Қыркүйектің 19-ы күні Атамбаевтың баспасөз қызметі Қырғызстан президенті жүрегі сыр беруі себепті БҰҰ Бас Ассамблеясы отырысына қатысу үшін Нью-Йоркке жоспарланған сапарын өзгерткені туралы хабарлаған. Атамбаевтың АҚШ-қа бара жатқан жолда – Түркияда өзін жайсыз сезінгені айтылған. Қырғыз ресми делегациясы Нью-Йоркке баратын ұшаққа ауысып мінбекші болған Стамбул әуежайынан Атамбаев түркиялық ауруханаға түскен. Президент баспасөз қызметі дәрігерлердің алдын-ала қорытындысы бойынша Атамбаевтың жүрегінде кінәрат бары анықталған.

Осы аптаның басында Қырғызстан президенті әкімшілігі Атамбаев қазанның 1-інде қызметіне оралуы мүмкін деп хабарлаған.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер