Тырнағыңыз қысқа болса, әдемі маникюр жасарда мына кеңестерді есте сақтаңыз:
Ұзын тырнаққа қарағанда қысқа тырнақтың үстіне кішкентай ғана сызат түссе де, көзге қатты көрініп тұрады. Сол үшін қысқа тырнақты бояғанда мұқият болыңыз және асықпаңыз. Бояу қысқа тырнақты сопақ етіп көрсетуі керек. Ол үшін қанық және қара, қоңыр түсті бояулар қолданыңыз. Ашық түстерді мүлде қолданбағаныңыз жөн, ол тырнақты қысқа әрі жалпақ қып көрсетеді. Маникюр жасағанда көлденең сызықты суреттерді таңдамаңыз. Ол қысқа тырнақты одан сайын қысқа, жалпақ қып көрсетеді. Ал, тігінен сызық түсетін суреттер, керісінше, қысқа тырнақты ұзартып, сопайтып көрсетеді. Қысқа тырнаққа қолайлы дизайнның бірі – френч. Француз маникюры тырнақты көзге ұзындау қылып көрсетеді, әсіресе төртбұрышты қалыптағысы. Егер тырнағыңыз жалпақ болып, оны кішкене сопақтап етіп көрсеткіңіз келсе, тырнақтың қақ ортасына ұзынынан сурет салдырыңыз.
Қателік жібермеңіз:
Тырнақтың бәріне түгелдей сурет салдырмаңз, ол тырнақты тым жалпақ етіп көрсетеді. Дизайндағы ірі суреттер тырнақты қалың етіп көрсетеді. Сурет салдырғандағы қалың сызықтар тырнақты қысқа етіп көрсетеді. Қысқа тырнақтарға майда-майда бір шетіне бойлай орналасқан суреттер әдемі жарасады. Маникюр жасау үшін арнайы уақыт бөліңіз. Мысалы, 20-30 минут жетеді. Бос уақытыңыз одан аз болса, асығыстықпен бояуды бүлдіріп не сыртына шығарып жағып жалуыңыз мүмкін.
Әрине қысқа тырнаққа жасанды тырнақ не тым ұзын тырнақтар сияқты қалаған суреттерді салу мүмкін емес. Алайда, қарапайымдылық та жоғары бағаланады.
© aikarakoz.kz