Показать содержимое по тегу: Олжас Әбішев
Цифрлы технологияларды өмірдің барлық саласына енгізіп, ел азаматтарына жедел, сапалы әрі ашық қызмет көрсету туралы ұстаным көп мемлекеттің негізгі бағдарына айналды. Оның ішінде денсаулық сақтау саласын ақпараттық технологияларға көшіру – мамандардың айтуынша, медициналық қызмет түрлеріне деген қолжетімділікті арттырып, қағаз толтырудан қолы босамайтын дәрігерлерге көп уақытын науқасқа арнауға мүмкіндік беруі керек. Қазақстанның бұл саладағы жетістіктерін санамалап, кемшін тұстарына көз жүгіртіп көру үшін Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық денсаулық сақтау орталығының бас директоры Олжас Әбішевпен әңгіме құрған едік.