Әнуар Нұрпейісов: Қашан, кіммен және қай тілде сөйлеу – менің жеке құқығым
28.01.2017, 19:41

Әнуар Нұрпейісов: Қашан, кіммен және қай тілде сөйлеу – менің жеке құқығым

Жақында қазақстандық актер әрі продюсер Әнуар Нұрпейісов әлеуметтік желілерде Сингапурдің жергілікті тұрғындары, атап айтсақ қытайлар туған тілінде емес, ағылшын тілінде жиі сөйлейтінін жазған еді. Шоу-бизнес өкілінің бұл әңгімесі интернет қолданушыларының қытығына baq.kz

Олар актерді сынға алып, этникалық қазақ туған тілінде сөйлеуі керектігін алға тартқан. Мұнымен келіспеген Нұрпейісов қай тілде сөйлеу керектігін әр адам өзі шешетінін айтып, өзін сынағандарға жауап ретінде видеоролик дайындады, деп хабарлайды Baq.kz.

 

Продюсер бұл ролигін өзін қазақ тілін біле тұра, көбінесе орысша сөйлейтінін айтып, сынға алған сыншыларына арнады.

«Осымен шала қазақтар тақырыбына нүкте қо.ға болады деп ойлаймын. Бұл шудың түп-төркінін түсінбегендер болса, өте өкінішті», - деп жазды роликтің астына Нұрпейсіов.

Видеролик қазақ тілінде жазылған.

Актер әр адамның бостандығы мен демократиялық принциптері қорғалған зайырлы мемлекетте тұратынымызды еске салды.

«Сондықтан, қайда, қашан , кіммен және қай тілде сөйлеу – менің жеке азаматтық құқығым», - деді шоумен.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер