Астаналық жасөспірім бишілер әлем чемпионатында топ жарды
01.12.2016, 07:50

Астаналық жасөспірім бишілер әлем чемпионатында топ жарды

2016 жылдың 22-27 қараша күндері Чехияның Либерец қаласында осымен сегізінші рет биден әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды 24.kz.

 Оның ұйымдастырушылары – WADF-World Artistic Dance Federation. Сайыс екі би алаңында алты күнге созылды. Чемпионатта Франция, Италия, Швеция, Венгрия, ЮАР, Шотландия сияқты көптеген мемлекеттерден 3600-ға жуық биші қатысып, бағын сынады. Қазақстан Республикасын бірнеше номинация бойынша Астана қаласы Оқушылар сарайының Bomond балдық би ансамблі танытты. Чемпионат қорытындысы бойынша біздің ансамбль юниорлар категориясындағы Standart, Latin, All Styles үш номинациясы бойынша абсолютті жеңімпаз атанды. Айта кетейік, ансамбль – әртүрлі халықаралық сайыстарда еліміздің намысын қорғап жүрген ансамбльдің бірі. Осыған дейін Мәскеуде, Мармаристе (Түркия), Новосибирскіде, Тбилисиде көптеген жеңістерге ие болған еді. Әділқазылардың айтуынша, чемпионатта оқушылар жоғары кәсіби шеберліктерін көрсетті. Сондай-ақ, олардың ерекше таңдалған костюмдері де назардан тыс қалмады. Әрине, ансамбльдің мұндай жетістікке жетуіне оның жетекшісі мен бапкері Владислав Лидің сіңірген еңбегі орасан зор, деп жазады «Оқушылар сарайы» МҚКК баспасөз қызметі.   


Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер