Қытайдағы қазақ қызы 2017 асықтан Қазақстанның туын жасады
24.09.2016, 12:30

Қытайдағы қазақ қызы 2017 асықтан Қазақстанның туын жасады

Қытайдан Астанаға арнайы келген қазақ қызы өзінің бірегей туындысын Ұлттық музейге тарту етті деп хабарлайды 365info.kz. 


«Биылдың басынан бері асық жинап, жазда алшысынан тұрған 2 017 асықтан осы туындыны жасадым. Көріп отырғаныңыздай, бұнда Қазақстанның Мемлекеттік Туы бейнеленген. Осы ретте қазағымның асығы әрдайым алшысынан түссін деген идеяны негізге алдым»,-деді Құлан Жарқынқызы «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында.
Сонымен қатар шебер қыз өзінің арманы туралы да айтып берді.
«Қытайда мектепті тәмамдағаннан кейін Қазақстанға келіп, азаматтығын алу негізгі жоспарымда бар. Осы ретте алдағы жылы Елбасының атындағы Назарбаев Университетіне оқуға түскім келеді»,-деді Қ. Жарқынқызы.
Айта кетейік, бүгін ҚР Ұлттық музейінде Қазақ көші басталуының 25 жылдығына және ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған «Атамұра ұрпаққа мирас» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Осы шара аясында шетелдегі қазақтар сақтап жүрген жәдігерлер, өткен ғасырда жасалған күміс ер, алаша, және басқа да қолөнер бұйымдары ұсынылған көрме ұйымдастырылып, осы құнды заттардың барлығы Ұлттық музейге сыйға тартылды. Конференцияға шетелден келген қандастарымыз, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, қала тұрғындары қатысты.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер