Археологтар темір дәуіріне жататын металлургиялық пештердің қалдықтарын тапты
26.08.2016, 13:45

Археологтар темір дәуіріне жататын металлургиялық пештердің қалдықтарын тапты

Солтүстік Қазақстан облысының археологтары темір дәуіріне жататын металлургиялық пештердің қалдықтарын тапты, деп хабарлайды 24.kz.

Тарих ғылымдарының кандидаты Анатолий Плешаковтың пайымдауынша, осыдан 2 мың жыл бұрын Ақири қалашығында мекен еткен сақтар темір-терсекті балқытып, қару жарақ, еңбек құралдары мен әшекей бұйымдарын жасаған. Бір қарағанда қазылған қара жер ғана. Алайда мұнда көне заманның сақтары темір-терсекті балқытып, оны кәдеге жарата білген. Оған тұрақтан табылған металлургиялық пештердің қалдықтары дәлел.

Анатолий Плешаков, тарих ғылымдарының кандидаты:

- Металл кез-келген қалашықта өңделе бермеген. Ал осы жердің сақтары батпақ темірін пайдаланып, қару-жарақ, еңбек құралдары мен әшекей бұйымдарын дайындаған. Бұл өте сирек кездесетін жағдай.

Тарихшылар Долматово ауылы маңындағы қалашықты «Ақири» деп атайды. Иран тілінен аударсақ – жұмақ. Көне тұрақтың тұрғындары Есіл өзенінің бойындағы жарға жайғасқан. Біздің дәуірімізге дейінгі 5-інші ғасырда өмір сүрген сақтар осы құдықтан шөлдерін қандырған. Оны 2004 жылы ғалым Анатолий Плешаков тауып алды. Бұл судың емдік қасиеті бар,- дейді ол. Анатолий Плешаков ерте темір дәуіріне жататын тұрақты тапқан тарихшылардың бірі. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы оқушыларымен бірге осында келіп, қазба жұмыстарын жүргізеді. Соңғы жылдары олар айналаны арнайы ұшақпен зерттеп жүр.

Николай Васильев, Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ ғылыми қызметкері:

- Біздің аймақ аз зерттелген деуге болады. Тарихи жәдігерлерге малшылар да тап болып жатады. Жазық жерлерді аспаннан суретке түсіріп зерттейміз. Сондықтан ұшақтың көмегі көп.

Анатолий Плешаковтың айтуынша, Ақири қалашығы Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағына жатады. Қазір тарихшы айналаны аспан астындағы мұражайға айналдыруды қолға алды.

 

Археологтар темір дәуіріне жататын металлургиялық пештердің қалдықтарын тапты

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер