Қош келдің.. қасиетті ай, Рамазан ! - Мейіржан Тұрғанов
19.05.2018, 13:38

Қош келдің.. қасиетті ай, Рамазан ! - Мейіржан Тұрғанов

Қош келдің.. қасиетті ай, Рамазан !

Қош келдің, нұр шашқан-ай,Рамазан.
Көңілдерге шуақ сыйлап,құлпырған.
Тәубелер қабыл болар бұл-айда,
Қол жайып дұға қылса-мұсылман.

Мың айданда қайырлы бұл-Рамазан,
Бұл айда жын-перілер қамалған.
Жүректен-жүректерге нұр төгіп,
Тура жолды нәсіп еткен-жаратқан.

Бұл айда-Құран Кәрім жерге түскен,
Ақыретке жол көрсетіп,болар бізбен.
Əлемдердің Раббысы осылайша,
Қорғайды біздерді жын-періден.

Сауапқа тұнып тұрар-таң сәресі,
Бұл айдың отыз дана күн мәресі.
Бір айда күнәлардан пәк қылады
Ұстаған жан болса егер көп қатесі.

Ауыз ашар уақыты кеп таяғанда,
Періштелер дұға қылар саған анда.
Сәресі мен кешкісінде үлкен нығмет,
Ұстаған жан беріліп шын қараса.

Бұл айда,жиырма рәкат тарауих бар,
Құптаннан соң тартылады-мың тәсбихтар.
Əрбір түні тозақтықтар құтылады,
Беріліп әрбір кеште-ауыз ашар.

Бұл айдың он күнінде"қадір түн"бар.
Ұйықтамай мешітте кел сауап жазар.
Қадір түні қадір кірер қадірсізге,
Сол түні дұға етсе барлық жандар.

Бұл айдың қасиетін ұққан жандар,
Шын ниетпен оразаны ұстағандар.
Құран айы кіріп келді тағы міне,
Құран ашып,отыз пара жаттағандар.

Бұл-айда, нас басып жатпағандар,
Жаман іске бастарын сұқпағандар.
Кешіріңдер өткенменен кеткендерді,
Сауап жинап нәпсісін тұсағандар.

Болам десең,егер достым"жәннәт сүйген".
Құр қалма,осы айдан осы күйден.
Бір айда аштықтың кадірін біл,
Құл болып нәпсісін тие білген.

ИншәАлла қабыл болып оразамыз,
Жәннәтқа жылдан-жылға жол ашамыз.
Кетпесін еш заман,ынтымақ пен бірлігіміз,
Аман болсын әрқашан "Нұр" ағамыз.

Авторы: Мейіржан Тұрғанов.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер