Димаш Құдайбергеннің Францияда шырқаған әнінің видеосы шықты
07.05.2017, 10:01

Димаш Құдайбергеннің Францияда шырқаған әнінің видеосы шықты

Қазақтың жас дарынды әншісі Димаш Құдайбергеннің Францияның орталық телеарнасында ән шырқаған сәті жарияланды деп хабарлайды  sputniknews.kz.
Бұдан бұрын Димаш Францияның "France 2" орталық телеарнасындағы Еуропаның ең танымал бағдарламасы "Les années bonheur" кабаре шоуының құрметті қонағы болатынын хабарлаған еді.   Шоуда жас әнші талғампаз француз жұртшылығын әсем даусымен тәнті етті. Француздар орындарынын тұрып, қол соғып, Димашқа ерекше қошемет көрсетті.   Қазақ әншісі Димаш Құдайберген "Singer-2017" байқауы барысында Қытайда аса танымал болды. Үш айға созылған ән додасында Димаш 14 кезеңді сәтті бағындырып, екінші орын алды. Байқау барысында ол бірнеше марапатқа ие болды. "17th Top China Music Awards" шарасында "Халықаралық деңгейдегі танымал әнші" жүлдесін иеленді. Сондай-ақ Азиядағы ең беделді China Top music Awards сыйлығының "Азияның ең танымал әншісі" номинациясында жеңіске жеткен болатын.   Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің алғашқы шоу концерті 27 маусым күні сағат 19.00-де "Астана-Арена" стадионында өтеді. Оған Лара Фабиан секілді әлемдік деңгейдегі жұлдыз, сондай-ақ басқа да бірқатар белгілі әншінің қатысуы жоспарланып отыр.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер