Показать содержимое по тегу: киік санағы
Ақтөбе облысында киік санағы басталды. Алдымен Үстірт даласындағы жануарлар басты назарға алынады. Өткен жылы ақбөкендер саны елімізде шамамен 152 мың болса, оның тек үш мыңға жуығы осы Үстіртті мекендейді екен. Жалпы мамандар соңғы жылдары киік санының артып келе жатқандығын айтады. Иен далада қозғалған қараны лезде байқайтын қорықшылар санақ жүргізгенде керек-ақ. Үстіртті де бес саусағындай біледі. Сондықтан есептеу әдісін санаулы минуттарда игеріп, көп айналмай ұшақ Маңғыстау облысына қарай бет алды. Үстіртті мекендейтін киік Бетпақ даласы мен Орал популяциясынан әлдеқайда аз. 2015 жылғы жаппай қырылғаннан кейін бұл жерде шамамен үш мың бас ақбөкен қалған. Жануарлардың бейқам жайылып, еркін төлдеуіне де кедергі көп.