Показать содержимое по тегу: Меморган
Қандай да бір елдің әлемге әйгілі брендтері сол елдің туристік тартымдылығын және инвестициялық тартымдылығын арттыратыны, өндіретін тауарларының танымал һәм сенімді болуына ықпал ететіні белгілі. Тіпті, брендинг мемлекеттің халықаралық аренадағы беделіне де әсер ете алады. Осы мәселеге орай, елімізде алғаш рет «Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін» анықтау жөніндегі республикалық байқау өтпек. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен АБАЕВ өзінің фейсбуктегі парақшасында хабарлады.