Қазақстан

Показать содержимое по тегу: Қазақстан

  1. 26 қазан күні бір топ журналистер қауымы режиссер Болат Қалымбетовтың «Талан» атты толықметражды көркем фильмінің түсірілім алаңында болды, деп хабарлайды Silteme.kz.  

Қазақфльм баспасөз қызметінің хабарлауынша, фильм Қазақстан Республикасының 25 – жылдық мерейтойына орайластырылған. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ өндіріске жіберген. Бүгінгі таңда түсірілім жұмыстарының жартысы түсірілген. Алда әлі екі апта түсірілім жұмыстары бар.

Түсірілім алаңында болған журналистермен кездесу барысында Болат Қалымбетов фильм жайлы ойымен бөлісті: Бұл фильм тарихымыздың ең қиын кезеңдері –жиырмасыншы ғасырдың отызыншы, қырқыншы жылдарында орын алған оқиғаларды қарапайым адамдардың өмірі арқылы суреттейді. Фильмнің мақсаты сол замандағы адам бейнесін экранда көрсету.

Фильмнің аннотациясы: Фильмнің сценариі жазушы Жүсіпбек Қорғасбектің «Қасқыр-адам» повесінің желісі бойынша жазылған. Кинофильм тарихымыздағы аса күрделі кезеңді адам болмысының құбылысы арқылы танытқысы келеді. Тағдырдың жазуымен бар өмірін елден жасырын өткізген адамның ортамен байланысы ақыры трагедиямен аяқталады. Осындай талайлы тағдырлар арқылы азаттық аңсаған ата-бабаларымыздың арманы – тәуелсіздіктің қадір-қасиеті көрінеді. Талан – тағдырдың синонимі.

Опубликовано в Қоғам
  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті Халықаралық Олимпиадалық комитеті тарапынан ағзаларынан тыйым салынған препараттардың ізі табылған 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшыларға қатысты жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама алды. Мұндай ақпарат Халықаралық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында да жарияланды, деп хабарлайды Silteme.kz.
  2. Халықаралық Олимпиадалық комитетінің тәртіптік комиссиясы 2008 жылы Бейжің Олимпиадасына қатысқан спортшылардың «А» және «В» допинг сынамаларын қосымша тексеру қорытындысы бойынша қазақстандық еркін күрес палуаны, күміс жүлдегер Таймураз Тигиевті сол Ойындардан шеттеттіп, көрсеткен нәтижелерінің күшін жойып, наградаларын қайтарып алу туралы шешім шығарды.

    2012 жылы Лондон Олимпиадасына қатысқан спортшылардың сынамаларын тексеру қорытындысы бойынша тәртіптік комиссия қазақстандық ауыр атлеттер Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манезаны сол Ойындардан шеттетті. Сонымен қатар, комиссия спортшылардың нәтижелерінің күшін жойып, наградаларын қайтарып алу туралы шешім шығарды.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, спортшыларға қолданылатын жазалардың мерзімін тиісті халықралаық федерациялар анықтайды.

    Естеріңізге сала кетейік, «әділ спорт» қағидалары мен таза спортшыларды қорғау және допингті қолдануға «нөлдік төзімділік» саясатын қолдау - Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті қызметінің басты бағыты.

Опубликовано в Спорт

ЭКСПО-2017 ұйымдастырушысы кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов пен Америкалық-қазақстандық бизнес қауымдастығының президенті Уильям Кортнидің кездесуі өтті, деп хабарлайды Silteme.kz. 

Ахметжан Есімов Көрмені дайындау барысында атқарылған жұмыстар бағытын таныстырды. Сондай-ақ, алдағы аптадан бастап халықаралық қатысушыларға павильондарды өткізу, әрі делегация мүшелеріне арналған апартаменттерді табыстау басталатындығын хабарлады. Одан әрі қарай павильондарды толтыру бойынша контенттік жұмыстар басталады.

«Сәуір айында Елбасы делегациясының құрамында Вашингтонда болдым, онда АҚШ бизнес қоғамдастығымен кездесу болды, олар біздің Көрмеге қатысуға қызығушылық танытты. ЭКСПО-2017 әріптестері мен демеушілері арасында «Cisco», «General Electrics», «Chevron» сияқты ірі компаниялар болды. Сонымен қатар, Америкалық-қазақстандық бизнес қауымдастықты да ЭКПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырамын», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

«Біз өздеріңізбен ынтымақтастық орнатқандығымызға дән ризамыз. АҚШ павильоны толығымен қауымдастық мүшелері болып табылатын жеке компаниялардан тұратын болады. Бұл АҚШ бизнесмендері үшін өте қызықты әрі бірегей мүмкіндік болады деп есептейміз. «Болашақ энергиясы» Көрмесін асығыспен күтеміз», - деп мәлімдеді Уильям Кортни.

Кездесуде ЭКСПО-2017 көрмесінің дамуына өз үлесін қосуға ниетті америкалық ірі энергетикалық корпорация АES (American clean power company) таныстырылды.

Айта кету керек, халықаралық мамандандырылған көрме Астана қаласында 2017 жылғы 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында өтеді, көрме барысында 5 миллион келуші болады деп күтілуде.

Опубликовано в Экономика
  1. Энергетика министрлігі «Қашаған» кен орнынан 2017 жылы 4-тен 7 млн тоннаға дейін мұнай өндіруді көздейді. Бұл туралы ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев кезекті отырыстан кейін ҚР Парламенті Сенатының кулуарында айтты, деп хабарлайды primeminister.kz. 

    «Біз келесі жылы Қашағанда мұнайды 4-тен 7 млн тоннаға дейін өндіруді жоспарлап отырмыз. Бұның бәрі ұңғымаларға және қондырғылардың қалай жұмыс істейтіндігіне байланысты», - деді Қ. Бозымбаев.

    Жалпы, министрдің болжамынша, 2016 жылдың соңына дейін Қашағанда 1 млн тонна өнім өндіруді жоспарлап отыр.

Опубликовано в Экономика
  1. Бүгін Шымкент қаласында «Тоқыма өнеркәсібіне арналған тауарлар мен жабдықтар – MACHTEX-2016» II қазақстандық халықаралық көрмесі мен форумы өтуде, деп хабарлайды Silteme.kz.

Екі күнге жалғасатын халықаралық көрменің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев «Machtex 2016» көрмесі тоқыма өнеркәсібіне арналған Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған іс-шара болып табылатынын айтты.

Көрмеге Қазақстан, Италия, Қытай, Қырғызстан, Польша, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Жапония елдерінен 50-ден астам компания қатысуда. «Machtex 2016» көрмесінің қатысушылары тоқыма өнеркәсібіне арналған жабдық, мата мен ұсақ – түйек заттар, өнеркәсіп компанияларына арналған арнайы киім, сервистік қызмет көрсетуге арналған бірыңғай формалар мен мектеп формасын, ұлттық киім, балалар мен үйге арналған тоқыма және кілем өнімдерін,  ерлер мен әйелдерге арналған киім кешектер ұсынуда.

Форум аясында Қазақстан Республикасында жеңіл өнеркәсіпті дамытудың болашағы мен дамуы  жайы және тоқыма өнеркәсібінің инвестициялық әлеуетін арттыруға арналған тәжірбиелік жұмыстар өткізіледі. Аталған форум жұмысына осы саланың 2 мыңнан астам мамандары қатысады.

ОҚО әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша,, бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстанда 2 ірі кілем фабрикасы мен дайын өнім шығарудан шикі мақта өсіруден матаға дейінгі жабық циклін жүзеге асыратын «Азала текстиль» фабрикасы жұмыс істейді. Сонымен қатар, облыста шұлық шығаратын және дайын тоқыма бұйымдары мен арнайы киім тігетін фабрикалар іске қосылған.

Шымкенттегі «Оңтүстік» АЭА-та бүгінде құны 27,8 млрд. теңге болатын 10 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 2 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды. Ал 2010-2015 жылдар ішінде жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2 есеге өсті. Яғни 11,2 млрд.теңгеден  21,7 млрд. теңгеге дейін өскен.

Опубликовано в Әлеумет
Страница 36 из 39

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер