Показать содержимое по тегу: Алтын Орда
Маңғыстаудан шыққан талантты зерттеуші Серікбол Қондыбай ноғайлы жырларының генезисіне арналған еңбегінде «Қырымның қырық батыры» жырлар циклін туғызған поэтикалық орта – Маңғыстау мен Үстірт деп таниды. Ол Мұрын жыраудан жазып алынған «Қырымның қырық батыры» жырлар циклі бойынша 112 топонимнің 32-сі Маңғыстау мен Үстіртте бар немесе осы географиялық кеңістіктегі жер-су атауларына жуықтайды, қалған топонимдер Атырау, Ақтөбе облыстары мен Қазақстанның Түркіменстан, Қарақалпақстанмен шектесетін аймағында орналасқан елді-мекен атаулары деп көрсеткен.
Едіге Құтлу Набанұлы 1352-1419 жылдар аралығында Қаратаудың теріскей бетіндегі Құмкент шаһарында туып, ғұмыр кешкен әйгілі би.
Едіге қанша күш жұмсаса да, Алтын Орданың экономикасын тік көтере алмады, оның үстіне жаугершіліктен, керуенсарайлардың қиратылып, өртелуінен Жібек Жолы сауда керуендері жүрісі тоқтады. Едіге халықты аштықтан ғана құтқарып қала алды. Алтын Орданың бұрынғы мемлекеттік қуатына келуіне мүмкіндік жоқ еді. Осындай себептерден бір кезгі ірі де қуатты мемлекет ыдырап, оның аумағындағы Қырым, Астрахан, Қазан хандықтары бөлініп шығады. Олардан кейін Едігенің бастауымен Жайық пен Еділ дариялары аралығында Ноғай Ордасы мемлекеті бой көтереді.
Ер Едіге маңғытай ма? Маңғытайлар Мәскеуді өртеген бе? Орыс княздары Юсуповтар мен Урусовтардың бізге қандай қатысы бар?
Ұлытауға назар салған кісіге оның көлденең біткен бір сілем шоқысы әрдайым ерекше көрінеді. Биіктігімен не пішінімен ғана емес. Сол шоқының басына бір ерекше рух қонақтағандай...Бұл Едіге тауы. Таудың басында тастан қалап үйілген, биіктігі құрық бойындай, бір жақ беті тік, үшбұрышты пирамида іспетті қорым бар. Бұл – Едіге батырдың моласы. Халық бұл жерді қасиетті есептеп, басына ақтық байлайды, батырды әулие тұтып, ол туралы түрлі аңыздар айтады. Алайда Едігені неліктен халықтың тарихи санасында қалдырған ізі соншалықты зор екендігін түсіну үшін біз ең алдымен осы аңыз жырларға арқау болған нақты тарихқа ден қойғанымыз жөн.