Ақтөбеде жүкті кезінде көп қабатты үйлердің кіреберісінде түнеп жүрген әйел сәбиінен бас тартты
03.02.2018, 16:02

Ақтөбеде жүкті кезінде көп қабатты үйлердің кіреберісінде түнеп жүрген әйел сәбиінен бас тартты

Ақтөбеде жүкті кезінде көп қабатты үйлердің кіреберісінде түнеп жүрген әйел сәбиінен бас тартты stan.kz

Ақтөбеде баспанасыз жүрген жүкті әйелдің оқиғасы жалғасын тапты. Көп қабатты үйлердің кіреберісінде түнеп жүрген Татьяна Экштейн сәбинінен бас тартуға ниетті. Қазіргі уақытта ол Аналар үйінде тұрып жатыр. Ал еріктілер оған құжаттарын қалпына келтіруге көмектесуде. Алайда мұндай қамқорлықтың өзі Татьянаны райынан қайтара алмады.

Бұл туралы 31 арнаға  сілтеме жасап stan.kz хабарлайды.

«Түсінесіздер мен, бұл баладан бас тартуыма тура келеді. Себебі өзім әлі де аяққа тұрған жоқпын. Алдымен жағдайымды түзеп, мұнан кейін отбасын құру керек. Сонымен қатар бұл баланы қалаған жоқпын», – дейді Ақтөбе қаласындағы Аналар үйінде тұрып жатқан Татьяна Экштейн.

Татьяна Экштейннің оқиғасы көпшілікті елеңдетен еді. Оған жүктілігінің 8 айында көп қабатты тұрғын үйлердің кіреберісінде түнеуге тура келген. Алайда оны қуып шығыпты.

Әйелдің жағдайына бей-жай қарай алмаған қайырымды жандар оны Аналар үйіне алып келген. Бүгін Татьяна Экштейн ауруханаға жатқызылды. Ол жерде әйел суық тиюден емделетін болады.

Ал Аналар үйінің директоры Татьянаның баласынан бас тарту жөніндегі шешімін талқылдаудың керек жоқ екенін айтады. Бастысты, ол баласын әлдеқайда тастап кете алмайды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Татьянамен психолог жұмыс жасапт жатыр. Оның ойынан айнып қалуы да бек мүмкін.

«Оның құжаттарын кеше ғана тапсырдық. Іскер әйелдер қауымдастығы оның айыппұлын ттөлеп берді. Құжаттар 10 ақпанда дайын болады», – дейді Ақтөбе қаласындағы Аналар үйіні директорв Таңсұлу Лакова.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер