Табыс

Показать содержимое по тегу: Табыс

«Суыр күні» оның өмірін өзгертті. Ол сіздің де өміріңізді өзгертуі мүмкін.

Опубликовано в Коучинг

Джон Кехо:

Қаржылай тәуелсіздікті армандайтын әр адам өзінде табыскер адамның санасын жетілдіруі керек. Қараңыз, мен «дамыту» деп айттым, себебі бұндай сана өздігінен-өзі пайда болмайды. Ешкім онымен тумайды және ол ешкімге жайдан-жай берілмейді. Барлық жерде табыс пен мүмкіндікті көретін және күтетін, тиісінше бағытталған және ашық жағдайдағы ақыл.

Табыскер адамның санасына қарама-қарсы көп адамдарға таныс – сәтсіз адамның санасы. Сәтсіз адамның санасы жолдағы көрсеткіштер сияқты барлық жерде тек қана кемшіліктер мен шектеуді ғана көреді. Олар тек қайыршылық пен ауыр күндерге алып келеді. Осындай ойлау түріне ие болсаңыз, қаржылай тәуелсіздікке ешқашан жетпейсіз. Бұл мүмкін емес. Сіз бір уақытта екі жолмен жүре алмайсыз: байлыққа және қайыршылыққа, себебі олар қарама-қарсы бағытта жүреді. Екі жол нақты бөлінген. Бұл жерде үлкен құпия жоқ. Қай жолды таңдасаңыз, ол, негізінде сіздің тағдырыңызды анықтайды.

Демек, сізде ойлаудың қандай түрі бар? Егерде сіз сәтсіз адам санасына ие болсаңыз, онда сіздің міндетіңіз түсінікті. Сіз бұл бұғаудан босанып, өзіңізде табыскер адамның санасын дамытыңыз.

Төменде табысты адамның санасын қалыптастыру үшін бес қадам көрсетілген:

 1 қадам. Табысқа сенімді дамытыңыз

Табысқа өзіңізді сендіру негізгі төрт сенімнен тұрады.

1- сенім. Бұл дүние байлыққа толы.

Табысты адамның санасы Әлемде барлығына бәрі жеткілікті деп ойлайды. Тек қана оны қабылдау керек. Табиғатқа қараңыз: ол жомарт, үнемшіл емес, өзінің сыйлықтарын бергенде өте жомарт. Аспандағы жұлдыздарды санап көріңіз: жұлдызды санау сіздің қолыңыздан келмейді, мұны ешкім жасаған емес және болашақта да жасай алмайды; олар жүздеген миллиардпен саналады. Қайда қарасаңыз да байлықты көресіз. Сол сияқты, нарық та мүмкіндікке толы, тек қана оларды көру үшін назарыңызды жинақтаңыз. Ал егерде бір жерде мүмкіндіктердің тапшылығы болса, ол тек сіздің басыңызда ғана.

Сәтсіз адамның санасы айтады: «Менің баруыма болатын жерлер көп емес»; «Егер де мен көп нәрсеге кенелсем, онда басқа біреуде ол болмайды» немесе «Егер де жұмысымда жоғарыласам, басқа біреу жоғарылай алмайды».

Сәтсіз адамның санасы былай ойлайды: «бір мақсатқа жету үшін әр адам басқалармен күреседі», «жан-жағымыздағы мүмкіндіктер өте шектеулі», «әрдайым ақша жетіспейді» немесе «бәрі сондай қымбат».

Мұқият ойланыңыз: осы ойлардың бірі сізді мазаламайды ма – сәтсіз адамның санасы сіздің миыңызды жаулап алуы – бұл уақытша.

2- сенім. Өмір қуаныш пен қанағаттануды әкеледі.

Сәтсіз адамның санасы «өмір қиын және проблемаға толы» деп сенеді. «Бір нәрсеге жету үшін қауырт жұмыс жасау керек» деп сенеді.

«Сіз өз жолыңызда бір нәрсеге қол жеткізу үшін қауырт жұмыс жасау керек, бәрі оңайлықпен келмейді» деп ойлайтын көптеген адамдарды кездестірдіңіз. Бұдан басқаша болуы да мүмкін емес. Есіңізде ме, мен бұрындары сенім туралы не айттым? Қандай сенімді таңдасаңыз да сіздің миыңыз оны қолдау үшін тиісті негіздерді тауып береді. Адамдардың көбі өмір қиын және қатал дегенге сенеді және олардың өмірі сондай болады. Сәтсіз адамның санасы әрдайым проблемаларды, қиыншылықтарды, көңіл қалуды іздейді, күтеді және әрдайым соған кезігеді.

Табысты адамның санасы өмірге саяхат ретінде қарайды. Ол қолдауды күтеді, өмірде қуаныш пен жайлылықты іздейді, және әрдайым оны табады. Ал егер де проблемалар мен қиыншылықтар туындаса, оны сын-қатер ретінде қабылдамайды. Нәтижесінде жаңа мүмкіндіктер мен шешімдер табылады. Табысты адамның санасы өмірді бағалайды, әр сын-қатер өзімен бірге сыйлық әкелетініне, жаңа саяхат пен ләзаттың келетініне сенеді. Шын мәнінде, өмір байлыққа толы, жомарт және әр бұрышта сізді табыс пен жаңа әсерлер күтіп тұр.

3- сенім. Менің өмірімнің әр аспектісі шексіз мүмкіндіктерді қамтиды.

Сәтсіз адамның санасы жан-жағыңызда ешқандай мүмкіндіктер жоқ деп және сіздегі болып жатқан осы жағдай ең сәттісі деп сенеді. Сіздің немен айналысқаныңызға тәуелсіз, жақсы идеялар басқалардың еншісінде немесе қазіргі уақыт жаңа ойларды жүзеге асыруға қолайлы емес деп сізді сендіргісі келеді. Сәтсіз адамның санасы үшін жағдай әрдайым үмітсіз және тырысудың да қажеті жоқ.

Табысты адамның санасы сіздің өміріңіздің әр аспектісі үлкен мүмкіндіктерді қамтиды деп сенеді. Өте үлкен! Бір емес, екі емес, бес емес, шексіз мүмкіндіктер. «Олар қайда?» деп сұрарсыз. Барлық жерде! Көзіңізді ашыңыз, табысты адамның санасын ашыңыз, жақын арада сіз оларды көре бастайсыз.

Бір оқиғаны айтуыма рұқсат етіңіздер. Пасха мейрамында мен ерте тұрып, өзіме қымбат әйел үшін шағын ғана он сыйлық жасырып қойдым. Ол оянған соң, оған бірнеше сыйлық жасырып қойғанымды айттым. Ол тез арада тұрып, оларды аса бір қызығушылықпен іздей бастады. Жарты сағаттан соң үшеуі табылды. Ол орнына жайғасып, өзін өте бақытты сезінді. Осымен сыйлық саны бітті деп ойлады. «Олар үштен де көп», – деп айтқанымда ол орнынан тұрып, құмарта іздей бастады. Екеуін тапқан соң, осымен біткен шығар деп іздеуді тоқтатты.

Түскі астан кейін мен сөз арасында: «Мен он сыйлық жасырып қойдым», – дедім. «Он?» деп таңқалған ол өзінің қараған жерлерін мұқият қарай бастады. Нәтижесінде он сыйлықты да тапты. Егер де мен он сыйлық жасырғанымды айтпасам, ол үшеуін тапқан соң барлығын таптым деп тоқтап қалар еді. Сол сияқты, егерде мүмкіндіктер саны шектеулі деп есептесеңіз, осы шектеулі мүмкіндікті ғана табасыз. Әрине, егер тапсаңыз.

Бірақ, өміріңіздің барлық аспектісі шексіз мүмкіндіктерге толы екеніне сенсеңіз, сіз белсенді түрде оларды іздей бастайсыз. Осыны ойлаңыз!

* Мықты денсаулықты сақтау үшін шексіз мүмкіндіктер.

* Жаңа қарым-қатынас құру үшін шексіз мүмкіндіктер.

* Табысты болу үшін шексіз мүмкіндіктер.

* Отбасымен жақсы қарым-қатынаста болу үшін шексіз мүмкіндіктер.

* Қызықты өмір сүру үшін шексіз мүмкіндіктер.

* Көп қаражат табу үшін шексіз мүмкіндіктер.

Ақша қалай табылатынын қарастырайықшы.

Маған жеке кәсіпкерліктің жүйесі қатты ұнайды. Маған адамның ойлап шығару қабілетін және қиялын қолдайтын жүйе ұнайды. Егер де дұрыс идея мен іске деген қарым-қатынасы дұрыс болса, кез келген адам ақша таба алады.

Нарық – бұл қызықты құбылыс: ол мүмкіндіктерге толы, динамикалық және тұрақты түрде өзгеріп тұрады. Осы мүмкіндіктер өздерін пайдалану сәтін күтеді. Күн сайын операцияларда ондаған миллиард доллар айналымда жүреді. Ақша кез келген бағытта айналып, тұрақты түрде қозғалыста болады. Салым жасап, осы жүйеге қатыссақ ше?

Күн сайын Солтүстік Америкада жаңадан 700 мыңнан астам фирмалар ашылады. Олардың әрқайсысы жаңа мүмкіндіктер береді: әрқайсысына хатшы, бухгалтер, заңгер, жарнама агенті, жұмыс штаты, техникалық қамтамасыз ету қызметі, маңдайшадағы жазу, офис жиһазы қажет. Мүмкіндіктер, айнала толған мүмкіндіктер.

1940 жылы АҚШ-та 10 000 миллионер болды. 1980 жылға қарай Америка халқы екі есе өсті, ал миллионерлер саны 500 000 адамға жетті. 1997 жылы бұл сан екі миллионнан асты. Инфляцияны есептегенде де бұл үлкен көрсеткіш.

Мүмкіндіктер, айнала толы мүмкіндіктер.

Өркениет тарихында қоршаған орта қазіргі таңдағыдай қарқынмен өзгерген жоқ. Бәрі тұрақты түрде өзгереді – жаңа, революциялық жаңалық жарты жылдан соң ескіреді. Қоршаған дүниенің өзгеру қарқыны әр сағатта жаңа мүмкіндіктердің пайда болатынын дәлелдейді. Кешегі күні болмаған, күн сайын жүздеген жаңа мүмкіндіктер ашылады.

Мүмкіндіктер, айнала толы мүмкіндіктер.

«Майкрософт» компаниясының құрылтайшысы, миллиардер Билл Гейтс былай деді: «Менің ойымша, қазіргі уақыт өмір сүру үшін өте қолайлы. Бұған дейін қол жетпеген затты шығару үшін осыншалық мүмкіндіктер болған жоқ. Бұл уақыт – жаңа компания мен коммерциялық кәсіпкерлікті құру үшін өте қолайлы кезең».

Сіздің мүмкіндіктеріңіз қайда? Ойланбастан іске кірісіңіз; олар сіздің айналаңызда.

 

Аударған Мырзагелді Кемел

Дерек көзі: kazygurt.com

Опубликовано в Саясат жүзі
Тегтер:

Еліміздің тұрғындары үшін «банк» пен «несие» ұғымдары қаншалықты «қорқынышты» немесе түсініксіз? Қанша адам банкке  қарызға ақша алу үшін емес, кепілдікке қаражат салу үшін барады? Қысқасы, қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығы қандай? 

Опубликовано в Коучинг

Қазақстандағы экономикалық жағдай мерзімі өткен кредиттер санының өсуіне әсер етуде. ҚР Ұлттық банкі  болса 5 млн қазақстандықтың 4 трлн теңгеге жуық банкте қарызы бар екенін және проблемалы қарызы барлардың үштен екісі кредиторлардан қашып жүргенін мәлімдеді. Ал мұндай жағдайға тап болмау үшін кредитті тезірек жауып тастаған жөн. Ендеше 7kun.kz кредитті жылдам жабуға қатысты кеңестерін ұсынған екен.

Опубликовано в Коучинг
Әрбір ата-ана үшін баласының өмірде өз орнын тапқанын көру үлкен бақыт. Баламыздың жарқын болашағын армандайтынымыз да рас. Кез-келген табысқа жеткен тұлғаның негізі балалық шақта жатыр. Жетіліп келе жатқан жасты тұлға ретінде қалыптастыру, мақсатқа жете алатын табысты азамат етіп тәрбиелеу үлкен еңбек пен ыждаhаттылықты қажет етеді .
Опубликовано в Ұсыныс
Страница 4 из 5

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер