Салмағы 1 жарым келі, ал ұзындығы 50 сантиметрдей болатын SoFi атты робот қашықтан басқарылып, 18 метр тереңдікке дейін бойлай алады. Басқа құрылғыларға қарағанда шуылы бәсең. Құлтемірге орнатылған батарея 40 минутқа дейін жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, мұндай құрылғыны теңіз бен мұхит суының ластануын және ондағы балықтар мен жануарлар дүниесін зерттеуге пайдалануға болады.
Дереккөз: 24.kz