спорт

Показать содержимое по тегу: спорт

Қытайда қыздар арасында ұйымдастырылған қайталанбас ерекше өнер сайысында 24 жастағы Лю Тэн есімді қыз бала жұртшылықты өзінің ғажайып «майысқақтығымен» ерекше таңқалдырды, деп жазады "Айқын" газеті.

Ол дүние жүзінің жүзден астам елінің өкілдері қатысқан осы сайыста өзінің күнделікті киімімен денені «майыстырып» икемге келтіру өнерінің небір түрлерін қырық құбылып жасады. Бірде ол биік өкшелі туфлимен алақандай үстелдің үстіне бір аяғымен тік тұрып, ернін бояса, енді бірде «майыстырған» екі аяғын иығынан асырып жіберіп, басын аяқтарының арасынан шығарып, («бақа» трюгі) бетіне еш қиналмастан емін-еркін опа-далап жағып жатты. Қытай қызының мұндай ептілігіне тәнті болған көрермендер оған  ықылас-рахметін сан мәрте дуылдата қол соғып, білдірді. Одан әрі Лю Тэн диванның үстіне бір аяғын ұзынынан созып жантая жатып, екінші аяғын мойнынан  асырып басына қойды. Ол енді бір сәт әлгі үстелдің үстінде гимнастикалық шпагат жасап, бір аяғын қолымен кері қайырып алып, тағы да еш қамсыз боянды.  Енді бір уақыт оң аяғын тізесіне дейін тіп-тік көтеріп, жұртшылықты таң тамаша қалдырды. Сөйтіп, 24 жастағы майысқақ қыз көрермендермен қоштасар сәтте диванның үстіне шығып, екі аяғымен тізерлей отырып, кеудесі мен басын кері қарай бұрып әкеліп «қорап» трюгін жасап, өзінің әлемдегі №1майысқақ қыз екендігін нақты дәлелдеді.    

 

Опубликовано в MediaTek

Осы күндері Францияның Макон қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионы өтіп жатыр. Тоғыз жылдық үзілістен соң елімізден әлем чемпионы шықты, деп хабарлайды aikyn.kz.

Жарыс жолына алғаш болып грек-рим күресінің балуандары кірісті. 30 тамызда басталған біріншілік қыркүйектің 4-не дейін жалғасады. Темірлан Шадукаев - 74 келіде әлем чемпионы атанды. Балуан 2013 жылы жасөспірімдер арасында Азия чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған еді. 2014 жылы құрлық чемпионатында қола медальды иеленді. Сондай-ақ, жастар арасында 2016 жылғы ел чемпионы екенін де атап өту керек. Осы жылы Азия чемпионатына қатысып, күміспен күптелді. Жастар арасынан әлем жеңімпазы шықпағанына биыл 9 жыл толған еді. Осынша үлкен үзілістен соң, Шадукаев орнын толтырып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Әсет Иманбаев - 2000 және 2001 жылдары екі дүркін әлем чемпионы. Тәуелсіздік алғалы бері жеңіл салмақта жүлде салған әлі ешкім жоқ. Иманбаев 55 келіде күрескен кілем шебері. Сонымен бірге 60 келіде 2004 жылы Нұрбақыт Теңізбаев та әлем чемпионы. Кейін 2008 жылы Бейжің олимпиадасында қолаға қол жеткізген. Темірланға дейінгі жеңімпаз - Артур Үмбетқалиев 2009 жылы жеңіске жеткен еді.

Классиктердің жүлдесі мұнымен біткен жоқ. Финалға дейін жолындағын "жапырған" әлемнің күміс жүлдегері - Қаһарман Қисметов. 66 келіде белдесетін бұл балуанның жетістіктері бір басына жетерлік. Күреске 2004 жылы келген. Алматыдағы "Шаңырақ" спорт-интернатында тәлім алады. 2014 жылы Қазақстан чемпионатында, Бақтияр Байсейітов турнирінде көш бастады. Жақсылық Үшкемпіров турнирінде 2015 жылы екінші орынды, осы жылы бірінші орынды иеленді. 2015 жылы жастар арасында ел біріншілігінің жеңімпазы, сол жылы Қазақстан кубогында жеке есепте үздік шығып, кубок иегері атанды. 2016 жылғы жастар арасындағы Азия біріншілігінде чемпион атағы да бар. 

 

Алдағы уақытта боз кілемде балуан қыздарымыз бен еркін күрес шеберлері бақ сынайды. 

Опубликовано в Жалпы спорт

Қазақстан, Әзірбайжан мен Украинаның еркін күрес балуандары допинг-сынаманы қайта тексергеннен кейін 2008 және 2012 жылғы Олимпиада медальдарынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтей отырып silteme.kz  хабарлайды. 

Опубликовано в Спорт

"Астана" командасы БАТЭ клубын жеңіп, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты, деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтей отырып silteme.kz.

Опубликовано в Футбол

Бүгін барша қазақ еліне қуаныш сыйлаған күміс қызымыз Ж.Жаппарқұл туған-туыстарын жиып, елге аман-есен жеңіспен оралғанына ата-баба рухына бағыштап ас берді. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды. 

Опубликовано в Жалпы спорт
Страница 27 из 31

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер