спорт

Показать содержимое по тегу: спорт

2017 жылдың 27 ақпанында әділет басқармасында қоғамдық бірлестік ретінде «Астана қаласының жеңіл атлетика федерациясы» тіркеуге алынды, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.

Опубликовано в Жалпы спорт

Алматыда өтіп жатқан ХХVIII қысқы Универсиада ойындарының аяқталуына да аз күннің жүзі қалды. Бүгін 8 жүлделер жиынтығы сарапқа салынады. Назарларыңызға kaz.vesti.kz жариялаған ойындар кестесін ұсынамыз.

Опубликовано в Жалпы спорт

Қазақстандық спортшылар Жанбота Алдабергенова мен Жібек Арапбаева Универсиадада екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz Vesti.kz-ға сілтей отырып.

Опубликовано в Жалпы спорт

Бүгін Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция “Hard Rock Cafe Almaty”- да 2 шілде – Спорт журналистінің халықаралық күні қарсаңында БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында Ойындарға дайындық барысын және елдегі бұқаралық спортты дамытуды үздік жариялаудың республикалық конкурсын жариялады.

Республикалық конкурс 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындалу барысы туралы халықтың хабардар болуын көтеру, бұқаралық спортты республика ішінде және «Спорттық Алматы» бағдарламасының шеңберінде кеңінен дамыту мақсатында, сонымен қатар 2016-2020 жылдары Алматы қаласын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда журналисттік қоғамды тарту мақсатында өткізіледі.

Материалдар 2015 жылдың 1 қыркүйегі мен 2016 жылдың 20 қарашасы аралығында жарияланған және эфирге шыққан әртүрлі жанрлар: очерк, сұхбат, мақалалар, телевизиалық және радио бағдарламалар және басқа жұмыстар бойынша қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін республикалық және өңірлік деңгейдегі барлық қазақстандық БАҚ журналисттері шақырылады. Конкурс материалдары ағымдағы жылдың 1 шілдесі мен 20 қарашасы аралығында (қабылдау күні) қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. Жеңімпаздарды анықтау мен сыйақы тағайындау Конкурс комиссиясының шешімі бойынша іске асырылады.

Жеңімпаздарды жариялау 2016 жылдың желтоқсанында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының қарсаңында, келесі алты номинация бойынша өтеді:

  1. «Үздік телевизиялық сюжет»;
  2. «Үздік радиохабар»;
  3. «Ақпараттық агенттіктердегі үздік жарияланым»;
  4. «БАҚ баспасындағы үздік мақала»;
  5. «Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым»;
  6. «Өңірлік БАҚ-дағы үздік материал».

Әрбір номинациядағы сыйлық қоры 300 000 теңгені құрайды.

Әрбір жеңімпазға Ашылу және Жабылу салтанаттарына VIP орындарына 2 билеттен беріледі.

Қазылар алқасының анықтауы бойынша конкурстық жұмысы үздік болып табылатын алты жеңімпаздың біреуі «Алау эстафетасына» қатысады және 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың алауын тасушы мәртебесін иеленеді.

Конкурстық жұмыстар қазылар алқасының қарауы үшін түпнұсқа немесе көшірме материал түрінде (басылымды, күні мен автордың байланыс мәліметтерін көрсете отырып) ұсынылуы керек. Аудиовизуальдық жұмыстар эфир анықтамасымен бірге (cd/dvd дискілерінде, flash-тасымалдағышта, немесе файлмен алмасуда жүктеуге берілген сілтемелер түрінде) ұсынылуы керек. Ұсынылған материалдарға қатысушы туралы қысқаша биографиялық ақпарат қосымша берілуі қажет.

Конкурстың ережелерімен almaty2017.com сайтында танысуға болады.

Конкурстың ұйымдастырушы комитеті: Алматы қаласы, 050013, Байзақов көшесі, 280, тел. +7 (727) 313 23 58 (ішкі 217), электрондық поштаның мекен-жайы: konkurs_press@almaty2017.kz.

 

Дерек көзі: almaty2017.com

Опубликовано в Жалпы спорт

Атыраудағы Қозыбаев атындағы балалар үйінің түлегі Артем Карепанов суға секіруден ҚР чемпионатында күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Опубликовано в Жалпы спорт
Страница 22 из 31

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер