Показать содержимое по тегу: ОҚО
Оңтүстік Қазақстан облысында бекітілген жоспарға сәйкес жануарлар арасындағы аса жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша вакцина егу және аллергиялық тексерулерге қажетті дозалар уақытында жеткізіліп, алдын алу жұмыстары мерзімінде орындалуда. Бүгінгі таңда облыс көлеміндегі эпизоотиялық ахуал тұрақты дейгейде. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ОҚО бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Сейілбеков Тілләбек мәлім етті деп хабарлайды silteme.kz AA
Елбасы мен Үкіметтің тапсырмаларын уақытылы және тиісті деңгейде орындау – барлығымыз үшін басымды бағыт болуы тиіс. Осы тұрғыдан облысымызға инвесторларды тарту мен инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында құрылған өңірлік кеңестің жұмысын одан әрі жандандыру қажет. Бұл туралы өңірлік инвестициялық кеңестің отырысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті деп хабарлайды silteme.kz AA.
Жексенбі күні Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев балмұздақ жеп, жіті ішек инфекциясын жұқтырып, ауруханаға түскен науқастардың жағдайымен танысып, жедел штаб отырысын өткізді деп хабарлайды silteme.kz AA.
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында көпқабатты 13 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Нәтижесінде үй кезегінде тұрған 585 отбасы баспаналы болмақ. Осы жұмыстарға деп қазынадан 5 млрд. 278 млн. теңге қаржы бөлінген деп хабарлайды silteme.kz AA.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың қолдауымен Шымкент қаласында Елорданың 20 жылдығы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Astana Musical» театры «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклін сахналайды. Сондай-ақ, өнер ұжымының сапарының мақсаты - еліміздің өнер саласындағы үздік жетістіктерін көрсету. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Astana Musical" театрының әртісі Сайлау Қамиев мәлім етті деп хабарлайды silteme.kz AA.