Көріпкел әйел Головкин –"Канело" жекпе-жегі қалай аяқталатынын айтты
10.03.2018, 09:11

Көріпкел әйел Головкин –"Канело" жекпе-жегі қалай аяқталатынын айтты

"Головкин – Альварес" реваншы 5 мамырда Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланып отыр

Мексиканың танымал экстрасенсі әрі астрологы Мони Виденте Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) қарымта жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлайды Sports.kz

Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин © REUTERS / Las Vegas Sun/Steve Marcus  

"Мен мынаны көріп тұрмын: бұзылған етпен немесе онсыз болсын, "Канело" бұл жекпе-жекте жеңіске жетеді", — деді Виденте. 

Егер Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) мексикалық боксшыға қанынан тыйым салынған зат (кленбутерол) табылуына байланысты санкция қолданбаса, "Головкин — Альварес" реваншы 5 мамырда Лас-Вегаста өтеді. 

Айта кетсек, Виденте қос боксшының 2017 жылдың 16 қыркүйегінде өткен алғашқы жекпе-жегіне де болжам жасаған еді. 

"GGG — өте мықты қарсылас, сондықтан "Канело" абай болуы керек. Ол сенің әр қимылыңды мұқият зерттеп жүр, кейін жекпе-жекте ең мықты қаруын қолданады. "Канело" 11-раундта қарсыласынан басым түседі, сосын төрешілер шешімімен жеңіске жетеді", — деген еді Мони.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер