актуаль

Показать содержимое по тегу: актуаль

Тимур Рыспеков – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енген тұңғыш оқушы. 8-сыныпта оқып жүргенде-ақ әлемді таңғалдырған жас вундеркинд 2020 жылы Forbes журна­лы­ның арнайы шығарылымына еніп, «Өз­геріс жаршысы» атанған өнертап­қыш­тар тізіміне кірді. Бүгінде ол құра­с­тыр­ған 70-ке жуық жобаның 30-ы па­тент­телген. NASA, Microsoft, Amazon се­кіл­ді ірі корпорацияларда жұмыс істеу­ден бас тартқан ол осы жобалары арқылы Қа­зақстанда ғылыми ортаның бар екенін дә­лелдегісі келеді. Тәуелсіздік мере­ке­сі­не орай ел тарихындағы ең жас өнер­тап­қышқа хабарласып, сұхбаттасқан едік.

Опубликовано в Сұхбат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жеті мектептің құрылысы аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Опубликовано в Қоғам

Еліміздің білім-ғылым, өнер жолында еңбек етіп жүрген қызметкерлер қазақстандықтарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


«Тәуелсіздік алып, туымызды тігіп, ел болғанымызға 30 жыл. Бұл – ұлы той, ұлттың, елдің бақыты. Осы ұлы күнді ата-бабамыз, кешегі Алаш арыстары, ұлтын сүйген ұлдар қаншама ғасыр күтті. Осы жолда қаншама қан, көз жасы төгілді. Бүгін міне Нұр-Сұлтан қаласының төріне, бүкіл қазақ халқына, қазақстандықтарға сәлем жолдап, осынау ұлы мерекемен құттықтағым келеді. Келер жылы елорданың арқа төріне көшкеніне 25 жыл толмақ. Бұл екі тойды бөліп-жаруға болмайды. Екеуі де ұлы той.

Бұл біздің ортақ қуанышымыз, елдік мұратымызға жеткендігіміздің белгісі. 30 жыл бекер кеткен жоқ. Осы аралықта үлкен жетістіктерге жеттік. Осы қуанышпен, жеңіспен қалың елді құттықтағым келеді», - деді ақын, Мемлекеттік сыйлық иегері Несіпбек Айтұлы.

Өз кезегінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Ерлан Сыдықов егемендіктің ел дамуындағы маңызына тоқталып өтті.

«Аса қымбатты қазақстандықтар, сіздерді келе жатқан ең ұлық, қасиетті мереке – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Аз уақыттың ішінде сарыарқаның төрінен қала тұрғызып, төрткүл дүниеге елімізді баян етті, аян етті. Бұл Тұңғыш Президентіміздің арқасы екенін айтуымыз керек. Шекара шегенделді, тарих түгенделді, рухымыз күшейіп жатқан жағдайымыз бар. Ал енді сарыарқаның төрінде астанамыз – Нұр-Сұлтан қаласы бой көтерген болса, сол астанамыздың дәл ортасынан ЕҰУ орын алды. Аз уақыттың ішінде оқу орнымыз әлемдік дәрежеде үлкен орнын алып, өсіп келеді. Осының бәрі аз уақытта қолжеткен табысымыз. Табысымызды күшейте берейік! Қазақстан мәңгі жасай берсін!» - деді Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Ерлан Сыдықов.

Ал айтыскер ақын Әсем Ережеқызы егемендік жолында Алаш арыстары өзін құрбан еткенін тілге тиек етті.

«Аса қадірлі, қазақ елінің азаматтары, баршаңызды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Ата-бабаларымыз аңсаған, Алаш арыстары осы жолда өзін құрбан еткен аяулы азаттығымыз мәңгі болсын! Татулық пен бірлік негізінде құрылған мемлекетіміздің саяси-экономикалық күш-қуаты артып, әлемнің озық мемлекеттерінің сапында көріну нәсіп болғай! Еліміздің іргесі аман болып, Ұлы дала төсінде мәңгілік бейбітшілік салтанат құрсын!» - деді айтыскер ақын Әсем Ережеқызы.

Актер Дәурен Серғазин тәуелсіздік жылдары мәдениет саласындағы жетістіктерге тоқталып өтті.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құтты болсын! Бәріміз сіз-біз болып ата-бабамыздың армандарына арқау етіп, салып кеткен сара жолын еске алып, көптеген жетістікке жеттік. Әлі де талай асуды бағындырып, көк туымыздағы алтын қырандай биікте сөзсіз самғармыз. Соңғы жылдары елімізде көптеген мәдени ошақтар, әсіресе театрлар ашылды. Театрдың ашылуы – мәдениеттің өркендеуі, мемлекеттің дамуы. Сол себепті осынау кең байтақ жерде бақытты ғұмыр кешіп жатырмын. Бірлігіміз мығым болсын! Жақсы күндеріміз көп болсын!» - деді «Жастар» театрының актері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Серғазин.

Опубликовано в MediaTek

Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Құрмет» орденінің иегерлерін марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


 «Ең жас халықаралық гроссмейстер, шахматшы Жансая Әбдімәлік пен белгілі опера әншісі Зарина Алтынбаева «Құрмет« орденімен марапатталды. Белгілі тележүргізушілер, журналистер Зейін Әліпбек пен Вера Захарчукке де «Құрмет« ордені беріледі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградаларды табыстау рәсімінде.

Сондай-ақ, «Құрмет» орденімен Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған гимназиясының директоры Қорлан Құспекова, Көкшетау қаласының көпсалалы ауруханасы неврология бөлімінің меңгерушісі Мақшәріп Мартазанов, Алматы қаласындағы екінші клиникалық ауруханасының бас дәрігері, жоғары білікті нейрохирург Марат Рабандияров марапатталады.

«Олар ең маңызды мамандықтардың – мұғалімдер мен дәрігерлердің жарқын өкілдері. Олар өздерінің кәсібилігімен және жасампаз еңбектерімен гуманитарлық әлеуетті арттырады және ұлт денсаулығын нығайтады», - деді Президент.

Сонымен бірге, «Көкшетау қаласы жоғары техникалық колледжі» МКҚК жетекшісі Ақнұр Есләмова, Шымкент қаласынан келген еңбек ардагері Баян Жандосова, СҚО қиын жағдайға ұшыраған балаларды қолдау орталығының директоры Елемес Қалиев және Қызылорда облысы Қазақстан суретшілер одағының төрағасы Амангелді Кененбаев Президент қолынан «Парасат» орденін алды.

Айта кетейік, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

 

Опубликовано в Self Made

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде елордада спорт пен спорттық инфрақұрылымның дамуы үлкен серпін алды. Қазіргі уақытта қалада спорттың 110-нан астам түрі үйретіледі. Мұнда 40-қа жуық ірі спорт нысаны орналасқан. Қала тұрғындарының 31%-дан астам дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Опубликовано в Жалпы спорт
Тегтер:
Страница 19 из 157

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер