Показать содержимое по тегу: актуаль
Елордада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай оңалту орталығы ашылды, онда ерекше қажеттіліктері бар балалар мамандардың сапалы қызметтерін тегін ала алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында құрылысы ұзаққа созылған ауқымды «Шығыс» тұрғын үйі аяқталуда. Көппәтерлі тұрғын үй кешені бірнеше кезектен тұрады, онда үлескерлердің ең көп саны шоғырланған – шамамен 2,5 мың отбасы. Бірінші кезекте «Шығыс» ТК құрылысы аяқталып, қазір 800-ге жуық үлескер өз пәтерлерінде тұрып жатыр, ал құжаттарды ресімдеу процесі жүргізілуде. Биыл барлығы 57 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады, осылайша 7500-ден астам үлескердің мәселесі шешіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтанда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы күні кезекте тұрған 400-ге жуық отбасы пәтер кілтіне ие болды. Оның ішінде «Отбасы банкі» арқылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандар бар. Желтоқсан айында 2 мыңнан астам кезекте тұрған отбасы әлеуметтік пәтерге ие болды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй саны 10 мың пәтерге дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Белгілі журналист Зейін Әліпбек өзінің фэйсбук парақшасында #ШымкенттіңБасИдеологі айдарымен мәдениеттанушы-лингвист Абылайхан Қалназаровтың «Шымкенттіктердің құпия кітабы» деп айдарлаған алдағы күндері жарық көретін кітаптің анонс-аңдатпасын бөлісті. Ол кітапта, автордың хабарлауынша, Шымкент қаласының брендін тиімді басқару мен имиджін ілгерілету бойынша коммуникативтік стратегия, соған қатысты талдаулар мен ұсыныстар тұжырымдалған екен.
лттық статистика бюросының өкілдері елімізде Қазақстан, Егемен, Тәуелсіздік есімді қанша адам барын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.