Показать содержимое по тегу: айла
Күллі әлемді тіксіндірген терактілердің бірінің артынан бірінің орын алуы адамдарды үрей құшағына тарта түскендей. Алматыдағы қарулы шабуылдан кейін, іле-шала Мюнхендегі орын алған қанды оқиғаны ақпарат құралдары әуелде «діни ұшқарылардың әрекеті» деп баға берсе, көп өтпей қанды-қолдар туралы нақты ақпараттардың таралуына байланысты өзгеше тұжырымдар жасала бастады.
Оңтүстіктің полицейлері «жәбірленушінің» өзі ұйымдастарған адам ұрлау фактісін ашты. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.
Оқиға былай болған. 14 тамыз күні Қаратау полиция бөліміне жергілікті азаматша шағымданып келді. 46 жастағы әйелдің айтуынша, Сайрам ауылында 23 жастағы ұлын белгісіз тұлғалар «ВАЗ» автокөлігіне отырғызып, алып кетіпті.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Қаратау полиция бөлімі қызметкерлерінің бірлесе жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының екінші тәулігінде жоғалған жігіт Шымкенттегі жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды.
Сөйтсе, ол жігіт достарының көмегімен өзін-өзі «ұрлаған» болып шықты. Тергеушілерге ұсталған жігіт бұл әрекетін өзінің қарыздарын қайтармау үшін жасағанын айтып берді.
Қазір осы факті бойынша қылмысты кодекстің 419-бабы (көрінеу жалған сөз жеткізу) бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Samsung Electronics 2017 жылы premium-сыныпты қолданылған смартфондарды сата бастайды, деп хабарлады Reuters дереккөзіне сілтеме жасай отырып ҚазАқпарат.