Показать содержимое по тегу: Технология
Әдетте, кәдімгі су 0 градуста қататындығы баршаға аян. Дегенмен одан төмен температурада агрегаттық күйін сақтайтын шамадан тыс суытылған су деген де термин бар. Бұл жағдайда ғалымдар бірнеше макрометрлік көлем шамасындағы тамшылармен вакуумды «атқылаған», деп хабарлайды БЕЛТА агенттігіне сілтемемен ҚазАқпарат.
Бішкекте жастар экологиялық қозғалысының белсенділері қалаға лас ауаны анықтайтын электронды құрылғы орнатты, деп хабарлайды 24.kz.
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалық етуімен жаңартылған құрамда алғаш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі Кеңестің ХХ отырысы өтті, деп хабарлайды silteme.kz.
Алыс ауылдарда да қаладағы мамандардан бір кем емес өнертапқыштар бар десек қалай? Қалай десек те, өзіндік инженерлік идеясы бар, инновациялық аспа жол салуды армандайтын отырарлық Бекбатыр Әйменов есімді ақсақал редакциямызға хабарласып, өз жобасын таныстырып өткен еді. Silteme.kz порталы тілшілері де өздері де халықтық жоба өкілдері ретінде оның мән-жайымен қанықпай тұра алмады.