ИДМ 2017

Показать содержимое по тегу: ИДМ 2017

2016 жылы ҚР ИДМ Көлік комитеті 42 мемлекеттің уәкілетті органдарымен халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыруға 146 010 шетел рұқсат бланкілерімен айырбас жүргізілді, оның ішінде: 119 280 әмбебап бланкісі, 26 730 үшінші елге немесе елден тасымалдау бланкісі.

Опубликовано в Жалпы экономика

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы аумағында 876 техникалық байқау желісі бар (572 стационарлық, 304 ұтқыр) 524 техникалық байқау орталықтарының жұмысы ұйымдастырылған.

2016 жылдың қорытындысы бойынша міндетті техникалық қарап-тексеруге 2 556 958 автокөлік құралы (бұдан әрі – АКҚ) ұсынылған, оның ішінде 2 311 136 АКҚ техникалық байқаудан өтті деп танылған. Ақауларының болуына байланысты 245 822 АКҚ техникалық байқаудан бірден өтпеген. Бұл техникалық байқауға ұсынылған АКҚ-ның орташа 9,6 % құрайды.

Анықтама үшін: 2015 жылдың сәйкес кезеңінде 2 521 014 АКҚ техбайқауға ұсынылған, оның ішінде 2 226 494 АКҚ-ы техбайқаудан өткен,294 520 АКҚ техбайқаудан өте алмаған, бұл ұсынылған АКҚ-ның орташа 11,68% құрайды.

Техникалық байқаудан өте алмаған АКҚ-ның пайдалануына келесі ақаулардың негізінде тыйым салынған :

- тежеуіш жүйесі бойынша – 67 633 КҚ;

- рөлмен басқару бойынша – 22 941 КҚ;

- сыртқы жарық беру құралдары бойынша – 118 787 КҚ;

- көрініс бойынша – 19 124 КҚ;

- шиналар, доңғалақтар және аспалар бойынша - 20 818 КҚ;

- конструкцияның басқа элементтері бойынша  – 71 043 КҚ;

- Қозғалтқыш және оның жүйелері бойынша – 18344;

- рама мен шанақтың жай-күйі бойынша – 423.

2016 жылы аумақтық көліктік бақылау органдарымен 146 техникалық байқау операторларына қатысты 278 тексеру өткізіліп, нәтижесінде 5 млн. 832 мың теңгені құрайтын 222 әкімшілік хаттамасы толтырылды. Сонымен қатар, 13 техникалық байқау операторы реестрден шығарылған.

Опубликовано в Жалпы экономика

Қазақстан Республикасында ағымдағы жылдың 23-30 қаңтары аралығында IMO міндетті аудиті өткізіп жатыр. Аудит шеңберінде IMO сарапшыларының теңіз әкімшілігі мен қоршаған ортаны қорғау бойынша және навигациялық гидрографиялық қамтамасыз етуге қатысты қызметтерді орындайтын мемлекеттік органдардың қызметін тексеру жоспарлануда.

Опубликовано в Жалпы экономика

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Бірінші Вице-министрі   Альберт Рау Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына стандарттау саласындағы жаңа заңнаманы, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін ілеспе заң жобасын таныстырды.

Опубликовано в Жалпы экономика

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі Министрлік) 2017 жылдың 3 ақпаны күні сағат 10:00-де (Астана қ. Қабанбай батыр даңғылы 32/1) Transport Tower  ғимаратында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексі жобасынының қоғамдық тыңдалымын өткізеді.

Опубликовано в Жалпы экономика
Страница 3 из 11

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер