Нәтижесінде, өткен жылы отандық тасымалдаушыларға 97 мыңнан аса шетел рұқсат бланкілері берілді. Оның 80 476 -ы пайдаланылған, бұл бұрын берілген рұқсаттардың 83% құрайды.
Отандық тасымалдаушыларға шетілдік рұқсат бланкілерін беру бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылған және электрондық жүйені қолдану арқылы көрсетіледі (www.elicense.kz электронды үкімет порталында).
Аталған жүйеде шетелдік рұқсат бланкілерін тарату тасымалдаушының жылжымалы құрамының саны, бұрын алынған бланкілердің кері қайтарылуы және аумақтық органдарда қалған бланкілер есепке алына отырып жүзеге асырылады.
2017 жылғы 27 қаңтардағы жағдай бойынша Комитет 39 мемлекеттің уәкілетті органдарынан 102 095 рұқсат бланкілерін алды оның ішінде: 79 635 әмбебап бланкісі, 22 460 үшінші елге немесе елден тасымалдау бланкісі.
Бүгінгі күні алынған шетел рұқсат бланкілері Комитеттің аумақтық көліктік бақылау инспекциялары арқылы таратылды.