Показать содержимое по тегу: филиппиния
Туристер арасында танымал филиппиндік Боракай аралы 6 ай бойы саяхатшылар үшін жабық. Мұндай шешімді жергілікті билік аралдың экологиялық жағдайының нашарлап кетуіне байланысты қабылдады. Боракайдағы ахуал көңіл көншітпейді жөндеу жұмыстарын жүргізу керек дейді мамандар.
26 сәуірден бастап, мұнда туристердің келуіне тыйым салынды. Қолға алынған шараның кесірінен жергілікті кәсіпкерлер шығынға батуы мүмкін. Бірақ үкімет оларға көмек көрсетуге уәде берді. Бұған дейін ел президенті Родриго Дутерте аралды «қоқыс төгетін орға» теңеп, қонақ үйлердің қалдық заттарды теңізге лақтыратынына шүйліккен еді. Айта кетейік, Боракай аралы әлемдегі үздік жағажайлардың қатарында. Былтыр бұл жерге 2 миллионға жуық турист демалуға келген.