Қ.Тоқаев Польша Елшісін қабылдады
26.10.2016, 16:14

Қ.Тоқаев Польша Елшісін қабылдады

  1. Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Польшаның Қазақстандағы Елшісі Мачей Лангты оның біздің еліміздегі дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты қабылдады. Қ.Тоқаев Елшінің жемісті еңбегіне ризашылығын жеткізе отырып, оның кәсіби қызметінің табысты болуына тілектестігін білдірді, деп хабарлайды parlam.kz

    Сенат Төрағасы біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастыққа жоғары баға берді. «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы тамыздағы Польшаға мемлекеттік сапары біздің қатынастарымызды өзара түсіністіктің жаңа сапалық тұрғыдағы деңгейіне көтеруге мүмкіндік берді», - деп атап өтті Қ.Тоқаев. Парламентаралық ынтымақтастыққа Польша Сенатының Төрағасы Станислав Карчевскийдің таяудағы Қазақстанға ресми сапары елеулі серпін берді.

    Қ.Тоқаевтың айтуынша, Еуропа Одағымен стратегиялық әріптестік тұрғысында да Польшамен екіжақты ынтымақтастықты дамыту аса маңызды болып отыр. Осыған байланысты Польша Парламентімен қоса Еуропа Одағына мүше мемлекеттердің заң шығару органдарымен кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы келісімнің тезірек ратификациялануына сенім артылып отырғаны айтылды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер