Нұрсұлтан Назарбаев: Бәріміз Владимир Путинге жетістік тілейміз
16.03.2018ж. 18:02

Нұрсұлтан Назарбаев: Бәріміз Владимир Путинге жетістік тілейміз

Нұрсұлтан Назарбаев: Бәріміз Владимир Путинге жетістік тілейміз forbes.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде өтетін президент сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап silteme.kz АА.

Елбасы Астанада өтіп жатқан Орталық Азия елдері басшыларының кездесуі Ресей және Қытай сияқты аймақтағы үлкен елдермен қарым-қатынасына әсер етпейтінін айтты.

– Әрине, біз Орта Азия елдері ғана жиналып алып, бұл мәселелердің шешімін тауып отырған жоқпыз. Біздің үлкен көршілеріміз бар, ол – Ресей мен Қытай Халық Республикасы. Бұл елдермен де үлкен қарым-қатынастамыз. Транспорт ісіне Ресеймен тығыз байланыста болсақ, Жібек жолына қатысты Қытаймен бірге жұмыс істеп келеміз. Біз бұл үлкен көршілерімізбен ары қарай да тығыз қарым-қатынаста боламыз, болғымыз да келеді. Баршамыз Ресейдегі сайлаудың жақсы өтуіне тілектеспіз және Владимир Владимирович Путин мырзаға үлкен жетістік тілейміз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, Орталық Азия елдерінің басшылары ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ, Ислам конференциясы ұйымы, БҰҰ немесе ЕҚЫҰ тәрізді ірі ұйымдар аясында жиналатын, оның бәріне Ресей де қатысатын. Ал бұл жолғы кездесу Ресей басшысының қатысуынсыз өтіп жатыр.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер