Санкт-Петербургтегі жарылыс лаңкестік деп танылды
28.12.2017, 15:06

Санкт-Петербургтегі жарылыс лаңкестік деп танылды

Тиісті мәлімдемені Ресей президенті Владимир Путин жасады, деп хабарлайды 24.kz.

Айта кеткен жөн, кеше қаладағы дүкендердің бірінде зат сақтау камерасында жарылғыш зат іске қосылған болатын. Қаза тапқандар жоқ. Алайда 13 адам жараланған. Алтауы әлі ауруханада жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда.

«Жалпыға қауіпті тәсілмен бірнеше кісіні өлтіруге оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал жарылғыш затты қойып кеткен ер адам бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қазір оны іздестіру шаралары жүріп жатыр.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер